You are here

Прокурор кәсіпкердің құқығын қорғады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокуроры Х.З.Дәуешовпен облыстық кәсіпкерлер палатасындағы «прокурор кабинетінде» жүргізілген қабылдауда, жеке кәсіпкер Гүлфайруз Сисен жақында ашылған дүкенге облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің қызметкері келіп, жосықсыз бәсекелестік үшін оған ҚР ӘҚБтК-ның 163-бабының 2-бөлігімен 424 мың теңгеге айыппұлды заңсыз салғанын жеткізіп, тиісті шара қолдануды сұраған.

Әкімшілік іс құжаттарын зерделеумен істі қараған лауазымды тұлға тарапынан жеке кәсіпкермен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалғанын дәлелдейтін мән-жайларды толық жинақтамай,заңсыз әкімшілік жауапқа тартқандығы анықталды.

Облыс прокуроры Х.З.Дәуешовтың айтуынша, енгізілген наразылық негізінде әкімшілік іс бойынша заңсыз қабылданған қаулының күші жойылып, кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Прокурордың ұсынысымен кінәлі тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды. 

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.