You are here

«Колониядағыларды жұмыспен қамту-Прокуратураның басымды бағыты»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыстық прокуратурамен «Колониядағыларды жұмыспен қамту-2017» жоба аясында сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында жаңа өндіріс орындарының ашуда бірқатар үйлестіру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні 12 жаңа жұмыс орындары іске қосылса, оның ішінде кірпіш зауыты жұмыс жасауда.

Бұл жұмыстарға жергілікті атқарушы органдар, кәсіпкерлер қауымдастығы жұмылдырылған.

Осындай бірлесіп атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, Шиелі ауданында орналасқан қоныс-колониясында сотталғандардың жұмыспен қамтылуы, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» кірпіш зауытының ашылуына және қажетті құрал жабдықтарды сатып алуға 36 млн. теңгенің бөлінуі қамтамасыз етілді.

Бұл зауыттың іске қосылуымен қоныс-колониясындағы барлық сотталғандар өндіріс орнында жұмыспен қамтылады.

Ал, Қызылорда қаласында орналасқан ЗК-169/5 түзеу мекемесінде кәсіпкерлермен 10 өндіріс көзі ашылып, 220 сотталған ақылы жұмыспен қамтылса, 5 сотталғанға жеке кәсіпкерлікпен айналысуға жағдай жасалды.

Бүгінгі күні мекеме аумағында дәнекерлеу, тігін, ағаш өңдеу цехтары жұмыс жасаса, газоблок шығаратын цех іске қосылу сатысында.

Бұл атқарылған жұмыстармен қоса түзеу мекемесінде  кірпіш зауытының іске қосылуы аяқталып, қосымша 38 сотталғанды ақылы жұмыспен қамту жоспарлануда.

Өткен 2016 жылдың қорытындысымен облыс көлеміндегі түзеу мекемелерінде сотталғандарды жұмыспен қамту 75,4% құрап, бұл Республика көлеміндегі жоғарғы көрсеткіштің бірі болып саналса, қосымша атқарылған шаралармен ағымдағы жылы жаза өтеушілерді жұмыспен қамту деңгейі  85%-ға дейін арттыру межеленуде. 

Бұл бағыттағы атқарылған шаралар біріші кезекте мекемелерде заңдылық пен  тұрақтылықты қамтамасыз етіп, сотталғандарды қоғамда орын алып жатқан өзгерістерден тыс қалдырмай, қолжетімді еңбек қабілетін меңгерумен қатар, бостандыққа шыққанда нарық талабына сәйкес қоғамға  тез бейімделуіне септігін тигізеді.

 

Қызылорда облыстық  прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.