You are here

Баспасөз орталығы

Қызылорда облысының прокурорлары Белгород облысында енгізілген жобалық басқарудың тәжірибесімен танысты

Қызылорда облысының прокурорлары Белгород облысында енгізілген жобалық басқарудың тәжірибесімен танысты.
 
Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне Белгород делагациясының өкілдерін шақыру арқылы өткізілген екі күндік семинар жобалық басқарудың құралдарымен танысуға мүмкіндік берді. Семинарды Белгород облысы губернаторының орынбасары Павлова Ольга Альбертовна жүргізді. 
 
Пікірлер саны: 0

Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен соттарда тиімді өкілдік ету диалог алаңы ашылды

Қызылорда облыстық прокуратурасымен «Мемлекеттік ұйымдардың заң бөлімшелері қызметтерінің тиімділігін арттыру мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді

Отырыстың басым бағыты ретінде мемлекеттік сатып алу барысында туындайтын даулар бойынша тәжірибелік кеңестер беру белгіленді. Себебі, жергілікті экономикалық сотпен қаралатын істердің басым көпшілігін құқықтық қатынастардың осы саласында туындаған даулар құрайды.

Пікірлер саны: 0

Қызылорда облысының ҚҚҚО-да бірінші басшылар 1 сағат ішінде 60 адамды қабылдады

Бүгін Қызылорда облысының құқық қорғау қызметтері орталығында құқық қорғау және мемлекеттік органдардың бірінші басшылары кезекті азаматтарды жеке қабылдау жұмыстарын жүргізіп, 1 сағаттың ішінде 60 адамды қабылдады.

Оның ішінде 10 адам тікелей облыс прокурорының жеке қабылдауында болды.

Қабылдау барысында барлық тұрғындарға тиісті түсіндірме берілсе, ал жекелеген шағымдар облыс прокурорының жеке бақылауына алынды.

Пікірлер саны: 0

Жаңақорған аудандық прокуратурасы 23 мүгедек жанды жұмысқа орналастырды

Жаңақорған аудандық прокуратурасымен «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық» жобасы аясында оңды жұмыстар атқарылды.

Жергілікті атқарушы органмен мүгедектерге жұмыс орындарына квотаны айқындау барысында ең төменгі пайызы белгіленіп, олардың жұмысқа орналасу құқықтары шектелген.

Қадағалау актісі негізінде заңмен белгіленген тәртіпте жаңадан нормативтік құқықтық актінің қабылдануына қол жеткізілді.

Пікірлер саны: 0

Қызылорда облысының прокуроры кәсіпкерлер Палатасында қабылдау жүргізді

Облыс прокуроры Халидулла Дауешов Қызылорда облысының аумақтық кәсіпкерлер палатасындағы «прокурор кабинетінде» кәсіпкерлерді жеке қабылдау жүргізді.

Жеке қабылдауға барлығы он бизнес өкілдері қатысты. Кәсіпкерлердің өтініштері негізінен балаларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін қаржының уақытылы бөлінуі, мемлекеттік сатып алулар, бөлінген субсидияларды қайтару мәселесіне және монополия субъектілері мен қылмыстық істер бойынша ішкі істер органдарының әрекеттерімен байланысты болды.

Пікірлер саны: 0

Қызылорда облыстық прокуратурасымен «Есірткісіз - болашақ» жобасы жүзеге асырылуда

Қызылорда облыстық прокуратурасы облыстық әкімдік және ІІД-мен бірлесіп жыл басынан «Есірткісіз - болашақ» атты жобаны жүзеге асыруда. Жоба аясында өңірімізде құқық қорғау, мемлекеттік органдардың және қоғамдастықтардың, ҚР ІІМ «Дельта-Сырдария» арнайы құрылым қызметкерлерінен жұмыс тобы құрылып, олар тікұшақ және арнайы техникамен жабдықталды.

Жобаны жүзеге асыру іс-шаралары облыс әкімі және облыс прокурормен бекітілген.

Есірткі алқабын анықтау мақсатында жүйелі түрде облыс аумағын бағдарлап, оны өткізу мен тұтыну орындарын анықтау мақсатында шаралар қолдануда.

Пікірлер саны: 0

Құрметті кәсіпкерлер!

2017 жылдың 20 қыркүйегінде белгіленген кестеге сәйкес облыс прокуроры Халидулла Зиноллаұлы Дәуешов Қызылорда облысының аймақтық кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлерді жеке қабылдау өткізеді.

Жеке қабылдау уақыты мен орны:

20.09.2017ж. сағат 11.00-13.00.

Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 28.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер саны: 0

Қызылорда облысының прокуроры Х.Дәуешов сотталғандардың тұрғылықты жерінде жазаларын өтеуі туыстарымен әлеуметтік байланысты нығайтатынын білдірді

Қызылорда облысы аумағында орналасқан барлық түзеу мекемелерінде прокурор кабинеттері жүйелі түрде  жұмыс жасап, сотталғандардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау шаралары жүргізілуде.

Жүргізілген қабылдаулар барысында түскен өтініштердің негізгі бөлігі жазасын тұрғылықты мекен-жайы бойынша өтеуге ықпал жасауды құраған.

ҚР қылмыстық атқару кодексінің 88-бабының талабына  сәйкес, егер сотталғанның мекен-жайы бойынша белгіленген жазаға сәйкес тиісті режимдік түзеу мекемесі болмаған жағдайда жазасын басқа облыста өтеуге жібереді.

Пікірлер саны: 0

Қызылорда қаласының прокуратурасымен «Балаңа қарызсың ба? Алиментті төле!» акциясы өткізілуде

Қызылорда қаласының прокуратурасымен «Алимент. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасы аясында жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесіп, «Балаңа қарызсың ба? Алиментті төле!», «Ты в долгу перед ребенком? Заплати алименты!» акциясы өткізілуде.

Аталған акцияның мақсаты - алимент өндіру санатындағы атқарушылық өндірістердің орындалуы тиімділігін арттыру.

Пікірлер саны: 0

Қызылорда облысындағы «Азаматтардың мүддесіне қылмыстық процесті оңтайландыру» жобасының аралық нәтижелері

«Азаматтар мүддесіне қылмыстық процесті оңтайландыру» жобасы Қызылорда облысы көлемінде қарқынды жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күні, жалпы тәртіпте сотқа жолданған 328 қылмыстық істің 247-і жоба аясында жолданып, үлес салмағы 75,3%-ды құраған.

Жоба аясында жолданған 247 қылмыстық істің 70-і хаттамалық, 152-і жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру, 25-і процестік келісім нысанында аяқталған.

Пікірлер саны: 0

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.