You are here

Жер алу жайлы арызын сатып аламын деп алданды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда қалалық №2 сотында 21 тамыз 2017 жылы ашық сот отырысында Қызылорда қаласы тұрғыны, 29 жасар, жұмыста жоқ Е.Уткелбаевтың қылмыстық ісі қаралып, сот үкімі шықты. 

Соттың үкімімен Е.Уткелбаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды және оған пробациялық бақылау белгіленді.

Қылмыстық кодекстің 44-бабының 1-бөлігінің талабына сай, сотталғанның тұрақты жұмыс орны жоқ болғандықтан жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда 200 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Оқиғаның мәніне келер болсақ, сотталған Е.Уткелбаев ағымдағы жылдың 9-қаңтарында Қызылорда қаласы тұрғыны жәбірленуші Н.Ш. үйіне келіп, «2005 жылғы жер алу» жөніндегі арызын сататынын, кейіннен өзінің атына аударып алатынына сендіріп, оны алдау жолымен 580 мың теңгесін жымқырып, мүліктік зиян келтірген.

Басты сот талқылауында сотталған өзінің кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге апасының 2005 жылғы жер алу жөніндегі арызын сататынын, кейін атына аударып алатынына сендіріп, 580 мың теңгесін алдап алғанын, шын мәнінде оның ақшасын алып пайдалану ниеті болғанын көрсетті.

Сонымен қатар, сот талқылауында жәбірленуші Н.Ш сотталған Е.Уткелбаевқа сеніп, 2005 жылғы жер алу жөніндегі арызын сатып алатын болып, оған 580 мың теңгесін бергенін, одан кейін ол әртүрлі сылтаулар айтып ақшасын қайтарудан жалтарып кеткенін, осы күнге дейін келтірілген мүліктік зиянды қайтармағанын көрсетті.

Сотталғанның бұл қылмыстық пиғылы істе жинақталған, сотта зерттелген  барлық  құжаттармен толық өз дәлелін тауып, ол тиісті жазасын алды.  

Сот үкімімен Е.Уткелбаевқа қатысты пробациялық бақылауды және мінез-құлқын қадағалауды жүзеге асыру Қызылорда қалалық пробация қызметіне жүктелді.

Оған, осы пробация қызметіне хабарламай тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын ауыстырмау міндеттерін орындау жүктелді.

Іс бойынша жәбірленуші-азаматтық талапкер Н.Ш. талап арызы толық қанағаттандырылып, оның пайдасына 580 мың теңге келтірілген мүліктік зиян өндірілді.

Сотпен сотталғанға жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда, бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімі дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылатыны түсіндірілді.

Бүгінгі күні бірінші саты сотының үкімі заңды күшіне енді.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.