You are here

Ауыр қылмыс жасаған жиырма төрт жасар ұры сотталды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Үстіміздегі жылдың тамыз айының 14-күні Қызылорда қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен айыпталған жиырма төрт жастағы қала тұрғыны  Е.Абзаловтың қылмыстық ісі қаралып,  ол аталған баппен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыруға, Қылмыстық кодекстің 63-бабының тәртібі қолданылып, 3 жылға шартты түрде сотталды.
Қылмыстық кодекстің 44-бабының қағидалары бойынша пробациялық бақылау белгіленіп, оны жүзеге асыру Қызылорда қалалық пробация қызметіне жүктелді.
Сот үкімімен сотталған Е.Абзаловқа пробация қызметіне хабарламай, тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын ауыстырмау, сағат кешкі 20:00-ден кейін ойын-сауық орындарына бармау міндеттерін орындау жүктелді.
Қылмыстық іс бойынша Е.Абзалов бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өндірістік үй-жайға заңсыз кіріп, ірі мөлшерде мүліктік зиян келтірді. 
Нақты айтқанда, ол 15 наурыз 2017 жылы сағат түнгі 03:00 шамасында Қызылорда қаласындағы «Автобөлшектер» дүкеніне келіп, сыбайластары Н.Серікбаев пен Е.Жандарбеков бірге, дүкеннің терезесін заңсыз ашып кіріп, сөрелерде тұрған жалпы 1 069 809 теңге құрайтын автобөлшектерді, құны 40 мың теңге тұратын «Катран» маркалы резеңке қайығымен 2 дана ескегін, құны 20 мың теңге тұратын «PIT» маркалы балгаркасын, құны 20 мың теңге тұратын «HPS-1400» маркалы көлік жуу аппаратын, құны 5 200 теңге тұратын «UNIVERSAL» маркалы тоқ ұзартқышын, құны 40 мың теңге тұратын «Урал» үлгісіндегі велосипедін, бұған қоса осы дүкенмен бір ғимаратта орналасқан «Береке» дүкенінің темір торын бұзып, ішінде тұрған кассадан 37 мың теңгесін және құны 60 мың теңге тұратын темекі өнімдерін ұрлап, бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған.
Е.Абзаловтың бұл қылмыстық іс-әрекеті салдарынан жәбірленуші М.С. жалпы құны 1 миллион 292 мың теңге мүліктік зиян келді. 
Сотта сотталған Е.Абзалов өз кінәсін толық мойындап, 15-наурызда түнгі сағат  03:00 шамасында «Автобөлшектер» дүкеніне терезесін ашып заңсыз кіріп, сыбайластарымен бірге автобөлшектерді, одан әрі өзі кассадан 37 мың теңге ақша мен   құны 60 мың теңге тұратын темекі өнімдерін ұрлап алып шыққанын, келтірілген мүліктік зиянды толық өндіргенін, кешірім сұрайтынын көрсетті.
Іс бойынша жәбірленуші-азаматтық талапкер М.С. сотталған келтірген мүліктік зияны өз еркімен толық өндіргенін, оған кешірім беретінін көрсетіп сотқа кешірім арызы ұсынды.
Сотталушының қылмыстық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен қатар, 15.03.2017 жылғы оқиға болған орнын қарап-тексеру хаттамасымен, 16.03.2017 жылғы алу жүргізу хаттамасымен, оған тіркелген фотокестесімен және басқа да іс құжаттарымен дәлелденді.
Қызылорда қаласының №2 сотының 14 маусым 2017 жылғы үкімімен оның сыбайластары Н.Серікбаев пен Е.Жандарбеков Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүліктері тәркіленіп, Н.Серікбаев 4 жылға ал, Е.Жандарбеков 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды, соттың бұл үкімі заңды күшіне енді.
Осы сот үкімімен сотталған Е.Абзаловқа оған жүктеген міндеттерін орындамаған немесе көрсетілген бұзушылықтарды қайталап жасаған жағдайда, сот шартты түрде соттаудың күші жойылып, сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы шығарылатыны түсіндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.