You are here

Алаяқтық қылмысты қайталап жасаған әйел бас бостандығынан айрылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
 

Үстіміздегі жылдың 31-наурыз айында Қызылорда қаласының №2 сотында 47 жастағы қала тұрғыны Л.Аппазованың қылмыстық ісі қаралып, ол Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге сотталып, сот залынан дереу қамауға алынды.

Қылмыстық кодекстің 14-бабының 1-бөлігіне сай оның әрекетінде қылмыстың қайталануы танылды.

Сот үкімі бойынша Л.Аппазова бөтен мүлікті сенімге қиянат жасау арқылы, бірнеше рет, ірі мөлшерде жымқырып алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Бірінші сатыдағы соттың бұл шығарған үкімімен оның қорғаушысы Д.Джаппаркулов келіспей апеллияциялық шағым келтіріп, ол 2-мамырда Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында қаралып, бірінші саты сотының үкімі өзгеріссіз, шағым қанағаттандырусыз қалды.

Аталған іс бойынша жәбірленушілер  К.Н. пайдасына 2 миллион 200 мың теңге, С.С. пайдасына 200 мың теңге, Д.А. пайдасына 200 мың теңге, Н.А. пайдасына 50 мың теңге мүліктік залал өндіріліп, талап арыздары толық қанағаттандырылды.

Оқиғаның мән-жайына келер болсақ, Л.Аппазова бұрын 2009 жылы осындай алаяқтық ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адам бола тұра, сотталғандығынан арылмағанына қарамастан, түзелу жолына түспей, қайталап ауыр санаттағы алаяқтық қылмысты жасаған.

Нақты айтқанда, Л.Аппазова өзінің танысы К.Ниязоваға, өзінің облыстық білім беру басқармасында жұмыс істейтін жақсы таныстары арқылы, Қызылорда қаласындағы кез-келген мемлекеттік балабақшасына меңгеруші етіп жұмысқа орналастырып беретіні туралы жалған айтып, сеніміне кіріп, 2 миллион 200 мың теңгесін алдап алып, бас пайдасына жаратқан.

Одан әрі адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша К.Ниязова екеуі жәбірленуші Д.А. сеніміне кіріп, оның баласы Ә.Ж-ны «облыстық білім беру басқармасына» «экономист» етіп жұмысқа орналастырып беру үшін 450 мың теңгесін алдап алып, екеуі бөліп алып, бас пайдаларына жаратқан.

Осыдан кейін, Л.Аппазова жәбірленуші Н.А-ның қызын оқуға түсіріп беремін деп, жалпы 200 мың теңгесін алдап алып бас пайдасына жаратқан.

Бұнымен шектелмей, Л.Аппазова мен К.Ниязова адамдар тобының алдан ала сөз байласуы бойынша, жәбірленуші С.С-тың жолдасы Н.И. пен інісі Ф.С. «КазГерМұнай» АҚ-на жұмысқа орналастыру үшін әр адамға 300 мың теңгеден, барлығы 600 мың теңгесін алдап алып, оны да өзара бөлісіп, бас пайдаларына жаратқан.

Сотталған Л.Аппазованың сыбайласы К.Ниязоваға қатысты осы мән-жайлар бойынша қозғалған қылмыстық іс «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 13 желтоқсан 2016 жылы қабылданған Заңының негізінде тергеушінің қаулысымен өндірістен тоқтатылды.

Сотталған Л.Аппазованың бұл қылмыстық әрекеттері өзінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінен айыбын ішінара мойындап берген жауаптарымен қатар, басты сот талқылауында зерттелген жәбірленушілердің, куәлердің жауаптары, беттестіріп жауап алу хаттамалары, қарызға алу шартымен және істің өзге де құжаттарымен толық өз дәлелін тапты.

Яғни, сотталған өзінің «жұмысқа орналастырып, оқуға түсіре аламын»- деп шындыққа сәйкес келмейтін деректерді жәбірленушілерден жасырып мәлімдеуі, оның бөтеннің мүлкін жымқыру және сенімді теріс пайдалану жолымен бірнеше рет ірі көлемде алаяқтық жасау арқылы жүзеге асырғаны толығымен анықталады.

Сот отырысында, оның жалған мәлімдеумен, адастыру тәсілдерін пайдалану арқылы жәбірленушілерден алдап алған ақшаларын қайтармай, берген уәдесін орындамауы, алаяқтық жасау мақсатының болғанын және оны жүзеге асырғанын  дәлелдеді.

Нәтижесінде, пайдакүнемдік ниетпен жалған мәлімдеу арқылы жәбірленушілерді адастыру тәсілдерін пайдаланып, ірі көлемде, бірнеше рет алаяқтық қылмысты қайталап  жасаған әйел тиісті жазасын алды.

Бірінші саты сотының бұл үкімі қазіргі күні апелляциялық сот алқасында қаралып, заңды күшіне енді.

 

Мемлекеттік айыптаушы

Қызылорда қаласы прокуратурасының

бөлім прокуроры, әділет кеңесшісі                                                                                     Темірбекова Сая

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.