You are here

Жаңақорған аудандық прокуратурасы кәсіпкердің құқығын қорғады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалында орналасқан прокурор кабинетінде жеке кәсіпкер А.Калжанов қабылдауда болып, жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актісін алуына ықпалдасу жөнінде арызданып, қарау нәтижесімен жергілікті атқарушы органмен заңдылықты бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.

Нақтыласақ, Жаңақорған аудандық жер қатынастары бөлімімен 11.07.2014 жылы Жаңақорған кенті «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының бойынан объекті құрылысын салу үшін жалпы көлемі 0,50 гектар жер учаскесін сатуға аукцион өткізіліп, нәтижесімен жеке кәсіпкер А.Калжанов жеңімпаз болып танылған.

Осыдан кейін, Жаңақорған аудандық жер қатынастары бөлімі мен А.Қалжанов арасында жерді алуға келісім шарт жасалып, осыдан кейін 700 532 теңге жер құнын толығымен төлеген.

Алайда, А.Калжановтың арызын қарау барысында кәсіпкерлік мақсатта объекті салу үшін көздеген жер учаскесіне 2 жылдан астам уақыт бойы жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актісі алынбағаны анықталды.

Бұл жағдайдың созбалаңға салынуына жергілікті атқарушы органмен Жер кодексінің 48-бабының (Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу) талабына сәйкес, жер учаскесінің шекарасының айқындалмауы себеп болған.

Орын алған заңсыздықтар бойынша аудандық прокуратурамен аудан әкімдігіне прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде жеке кәсіпкер А.Қалжановтың құқығы қорғалып,  жерге жеке меншік құқығы табысталды.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.