You are here

Жаңақорған аудандық прокуратурасы 23 мүгедек жанды жұмысқа орналастырды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жаңақорған аудандық прокуратурасымен «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық» жобасы аясында оңды жұмыстар атқарылды.

Жергілікті атқарушы органмен мүгедектерге жұмыс орындарына квотаны айқындау барысында ең төменгі пайызы белгіленіп, олардың жұмысқа орналасу құқықтары шектелген.

Қадағалау актісі негізінде заңмен белгіленген тәртіпте жаңадан нормативтік құқықтық актінің қабылдануына қол жеткізілді.

Осыдан кейін, мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында аудан көлемінде қызмет жасайтын ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізіліп, үйлестіру шараларының нәтижесінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру мәселелері түбегейлі шешілді.

Уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелген 23 мүгедектің барлығы тұрақты жұмыспен қамтылды.

Мысалы, 2016 жылы жұмыссыз ретінде тіркелген 3-ші топ мүгедегі М.Самидинов «СКЗ-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жұмысқа орналасты.    

Одан бөлек, біздің бастамамызбен мүгедек балалардың күндіз болу бөлімшелерін (орталықтары) ашу шаралары жүзеге асырылуда.

Жаңақорған кентіндегі «Жалын» балабақшасын арнайы балабақша етіп қайта құру рәсімі жүргізілуде, қазан айында қызметін бастайды. Арнайы балабақша ашылғаннан кейін 47 мүмкіндігі шектеулі балалардың мектепке дейінгі білім алуы қамтамасыз етіледі.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.