You are here

Жалағаш аудандық прокуратурасы балалар қауіпсіздігінің алдын алуда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жалағаш аудандық прокуратурасының бастамасымен аудан əкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңейтілген комиссияның балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты кеңейтілген отырысы өткізілді.

Комиссия отырысына аудандық прокуратура, комиссия төрағасы, мүшелері, денсаулық сақтау саласының, аудандық ішкі істер бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімінің, білім беру ұйымдарының басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері және ата - аналар комитетінің төрағалары қатыстырылды.

Уәкілетті органдарға балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық жайын назардын тыс қалдырмай, өрт, су қауіпсіздігі шараларын, басқа да жазатайым оқиғалардың алдын алуды күшейту, жазғы демалыс кезеңіндегі салауаттылықтарын арттыру тапсырылды.

Сонымен қатар, аудан прокуратура кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, ойын-сауық орындарында болуға тосқауыл қою, алкоголь өнімін өткізу жөнінде талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін, түнгі мезгілде сауда нүктелері, ойын-сауық орындары, кафе, түнгі клубтарға «Нұр Отан» партиясы, АІІБ-мен бірлескен рейд жұмыстары жүргізді.

Рейд барысында Қазақстан Республикасының реттейтін заң талаптары түсіндіріліп, заңмен тыйым салынған уақытта, яғни сағат 23:30  шамасында алкоголь өнімдерін сатудың анықталған 1 дерек бойынша әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды. 

Аудан прокуроры С.Будыков балалардың жазғы демалыс уақытында келеңсіз оқиғалардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және салауаттылығын көтеру мақсатында аудандық білім бөліміне қарасты «Ақтерек» сауықтыру лагеріндегі жасөспірім балалардың құқықтарының сақталуы назардан тыс қалмағанын жеткізді.

«Ақтерек» сауықтыру лагерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуда және санитарлық талапқа сәйкестендіруде бірқатар жұмыс атқарылғаны анықталып, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында суға шомылу тәртіптерін сақтау, тамақтан улану, жазатайым оқиғаларға ұшырау деректерін болдырмау үшін барлық тиісті шараларды ұйымдастыру тапсырылды.

Сондай-ақ, онда тынығып жатқан жасөспірімдермен кездесу өткізіліп, қауіпсіздік шаралары бойынша дәрістер оқылып, тиісті түсіндірмелер берілді.  

Жасөспірімдердің құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болғандықтан, қадағалау тұрақты түрде жүргізіледі.  

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.