You are here

Ұрлыққа қарсы бірігіп іс-әрекет ету

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыстық прокуратурада облыс прокуроры Х.Дәуешовтің төрағалығымен «Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау саласы бойынша 2016 жылы  ұрлық қылмыстарына қарсы тұруда атқарылған жұмыстарға және бұл санаттағы қылмыстарды тіркеуде, тергеуде заң талаптарының сақталуына қатысты алқа мәжілісі болып өтті.

Мәжіліске  облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменов, алқа мүшелері, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік құрылымдардың басшылары қатысты.  

Ұрлық барлық қылмыстардың 56%-ын құрап,олардың  топ болып жасалғаны  2 есеге (163-тен 311-ге), аса ірі мөлшердегі ұрлықтар 10,4 пайызға өскендігі анықталды.

Топ болып жасалған ұрлық қылмыстар барлық қала, аудандарда өсіп, Қазалы ауданында 13 есеге, Қармақшы мен Жалағашта 3-есеге жуық артқан.    (Қызылорда 66-100, Арал 3-7, Жалағаш 8-20,, Қазалы 4-52, Қармақшы 8-22, Сырдария 16-37, Шиелі 17-28).

Аса ірі мөлшердегі ұрлықтар Қазалы (0-1), Жалағаш (0-1) аудандарында және Қызылорда (10-11), Байқоңыр (3-5) қалаларында жиілеген.

Мысалы, Қызылорда қаласы, Байтұрсынов көшесіндегі фото-бейне студиясынан құны 7 млн. теңгенің  техникалық құрал-жабдықтары ұрланған. Осы ұрлық басталып, аяқталғанға дейін 2 сағатқа жуық уақыт өткен. Студия күзетпен қамтамасыз етілмеген, оған дабыл жүйесі мен бейнекамера орнатылмағаны ұрлыққа түсушілердің кедергісіз қылмыс жасауына себеп болған. Нәтижесінде, қылмыс әшкере етілмей, қылмыскер жазасыз кетіп отыр.

Дәл осындай өз мүліктеріне бейқам қарау 232 дүкен иесі тарапынан орын алып, нәтижесінде 21 млн. теңгеден астам (21621499) мүліктердің ұрлануына жол берілген.

Осы орайда облыс орталығындағы жеке меншіктегі объектілердің бейнекамерамен және дабыл жүйесімен қамтамасыз етілу жағдайы сырттай тексерілді. Нәтижесінде, жеке кәсіп субъектілермен сақтық шараларын қолдану  өз деңгейінде еместігін көрсетті.

Мысалы, Қызылорда қаласында 1063 сауда орындарының тек 149-ы немесе 14 пайызы бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

Осы орайда, қалыптасқан жағдайға байланысты облыстық прокуратурамен «Бейнекамера - қоғамдық қауіпсіздік кепілі» Жобасы әзірленіп, тиісті шаралар белгіленді.

Жобаның  мақсаты - бейнекамера санын арттыру арқылы қоғамдық орында қылмыстармен қатар ұрлыққа тосқауыл қою.

Бұл тұрғыда кәсіпкерлердің қоғамға тигізетін аса зор үлесі өз объектілерін толықтай бейне бақылау камераларымен қамтамасыз ету немесе дабыл жүйесіне қостыру болып табылады.

Жоба шеңберінде қоғамдық орындарда, көшелерде көпшілік жерде  орнатылатын бейнекамера санын 1000-ға жеткізу.

Жоба аясында мал ұрлығына тосқауыл қою үшін облыстың «Батыс-Қытай-Батыс Европа» жол торабында орналасқан аудандардың,  ауылдардың кіретін және шығатын жолдарына бейне камералар орнату туралы бастама көтеріліп, бұл жөнінде облыс әкіміне хат жолданды.

Себебі, ұрланған малдар көліктерге тиеліп, Қызылорда, Түркістан, одан әрі Шымкент қаласына осы трасса арқылы жөнелтілуде.

Мысалы, жыл басынан  Жаңақорған ауданы Қожакент ауылының 11 тұрғынының 42 бас ірі қара малдарын бір өрістен бір кезеңде ұрланып,  оларға 6 млн.  теңгенің үстінде шығын келген.

Қазіргі өзектелген мәселенің бірі – көп қабатты үйлерге магниттік есік жапқыштар (яғни домофон) қондыру.

Жалпы қаламыздағы 705 көп қабатты үйлерде 3095 кірер есік, яғни подъездері бар. Оның тек 1064 ғана осы қондырғымен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, қылмыстың алдын-алуда облыстық прокуратурамен  «Полиция – халықпен бірге»  атты Жоба әзірленді.

Бұл жобаның басты мақсаты полицияны, оның ішінде учаскелік полицейлерді халыққа жақын етіп, сенімін арттыру. 

Осы тұрғыда учаскелік полиция пункттерін тұрғын үйлердің төменгі қабатынан шығарып, көзге көрінетін, халыққа қол жетімді ғимараттарға көшіріп, оның жаңа нұсқасы жасалып, ұсынылды.  Бұл  бастама жөнінде де облыс әкіміне хат жолданды.

Қылмыстың бұл түрін әшкере етілуі төмен.  Облыста тіркелген әрбір 10 ұрлықтың тек 1 ғана ашылып, оның көрсеткіші 18,6 пайызды құраған.

Өткен жылы аталған санаттағы қылмыстар салдарынан жалпы келтірілген шығынның өндіру тиімділігі не бәрі 12,5 пайызды ғана құраған.

Жағдайды мұқият талдау және проблемаларды шешудің жолдарын талқылау нәтижесімен алқа мүшелері алдағы уақытта іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы ұсыныстар енгізді.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.