Сырдария аудандық прокуратурасы көшпелі сот отырыстарын тәжірибеде белсенді қолдануда | Қызылорда облысының прокуратурасы

You are here

Сырдария аудандық прокуратурасы көшпелі сот отырыстарын тәжірибеде белсенді қолдануда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Сырдария аудандық прокуратурасы көшпелі сот отырыстарын  тәжірибеде белсенді қолдануда - 1893984866

Қызылорда облысының «Процессуалдық прокурор» жобасының шеңберінде Сырдария аудандық прокуратурасының бастамасымен ауыр санатындағы қылмыстық істер бойынша халық арасында көшпелі сот отырысын өткізу тәжірибесі кеңінен қолдануда.

Аталған тәжірибе процессуалдық прокурор институтының дамуы мен жариялануына, сондай-ақ халық арасында қылмыстылық жағдайының профилактикасына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуына және олардың бұзылуына жол бермеуіне оңды әсерін тигізуде.

Осылайша, ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігімен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) айыпталған Сырдария АІІБ-нің қызметкері А.У. қылмыстық ісі бойынша сот отырысы, қызметкерлердің қатысуымен, АІІб-нің ғимаратында қаралып, нәтижесінде сотталушы 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалған.

Сондай-ақ, ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді адамдардың алдын-ала сөз байласуымен ісі мөлшерде заңсыз егіп-өсіруі) айыпталған А.К. және Р.Ж. қатысты қылмыстық істері 29.11.2017 жылы Тереңөзек кентінің «Мәдениет үйі» ғимаратында халықтың қатысуымен қаралып, сотталушыларға бас бостандығынан айыру түріндегі жазалары тағайындалған.

Осы көшпелі сот отырыстарын халық белсенді түрде қолдап, олардың қаралуына 200 астам азаматтар қатысқан.

Көшпелі сот отырыстарын өткізу нәтижесінде айыптаушылардың туысқандары көпшіліктің ұстанымын қолдап, сабақ боларлық пікірлерімен бөлісті.

Осы қылмыстық істердің ауыр санатындағы жататындығын ескеріп, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барлық санаттарында заңдылықтың бұлтартпау орындалуына және сот отырысында мемлекеттік айыптауды сапалы қолдау мақсатында аталған қылмыстық істер бойынша процес прокурорлары тағайындалған.

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Сырдария аудандық прокуратурасы көшпелі сот отырыстарын  тәжірибеде белсенді қолдануда - 1508505528
Сырдария аудандық прокуратурасы көшпелі сот отырыстарын  тәжірибеде белсенді қолдануда - 1474749790
Сырдария аудандық прокуратурасы көшпелі сот отырыстарын  тәжірибеде белсенді қолдануда - 592934995
Сырдария аудандық прокуратурасы көшпелі сот отырыстарын  тәжірибеде белсенді қолдануда - 1901299564
Сырдария аудандық прокуратурасы көшпелі сот отырыстарын  тәжірибеде белсенді қолдануда - 539596417

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.