You are here

Сотталғандардың құқықтарын қорғау үшін түзеу мекемелерінде прокурор кабинеттері жұмыс атқаруда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Сотталғандардың құқықтарын қорғау үшін түзеу мекемелерінде прокурор кабинеттері жұмыс атқаруда - 925912272

Қылмыстық-атқару жүйесінің  Қызылорда қаласында қатаң режимдегі ЗК-169/5 түзеу мекемесі мен ЗК-169/1 тергеу изоляторы, Шиелі ауданында ЗК-169/4 қоныс-колониясы орналасқан.

Бүгінгі күні түзеу мекемелерінде барлығы 703 сотталған жаза өтесе, тергеу изоляторында  қамауға алынған  133 адам ұсталуда.

Жаза өтеушілерді жеке қабылдау арқылы өтініштерін қарап,  құқықтарын қорғау үшін барлық мекемелерде прокурор кабинеттері ашылып, қызмет атқаруда.

Мекемелерде аптасына үш рет кездесулер жүргізіп, олардың шағымдары мен өтініштерін мерзімінде шешу жолға қойылды.

Қатаң режимдегі түзеу мекемесінде ұзақ мерзімдерге сотталғандар жаза өтейтіні ескеріліп, облыс прокуроры Х.З.Дәуешовпен 13 сәуірде жеке қабылдаулар жүргізілді.       

Қорытындысымен сотталғандардың жазаларын тұрғылықты жеріндегі мекемелерде өтеуге ықпал жасау туралы ұсыныстары ескерілді.

Нақтыласақ, қатаң режимдегі ЗК-169/5 түзеу мекемесінде жаза өтейтін барлығы 585 сотталғанның небәрі 247-і (42,2%) Қызылорда облысының азаматтары.

Ал,  255 сотталған (43,5%)  басқа өңірлердің азаматтарын құрайды (Қалғандары шет ел азаматтары).

Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес, егер сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша тиісті (сәйкес) режимдегі мекеме болмаған жағдайда оны басқа облыстың мекемесіне  жіберу белгіленген.

Дегенмен, қатаң режимдегі мекемелер Ақмола, Ақтөбе, Алматы, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, СҚО, ОҚО, Астана қаласында қызмет атқаратынын ескеріп, басқа облыстардың азаматтарын тұрғылықты жері бойынша жаза өтеу үшін қайтаруды шешу қажет.

Жеке қабылдаулар нәтижесінде, бүгінгі күнге тұрғылықты жері бойынша жаза өтеуді сұрау туралы 42 сотталған өтініш білдіріп, бұл жұмыстар жалғасуда.

Тұрғылықты жері бойынша жаза өтеу сотталғандар мен туыстары  арасындағы әлеуметтік байланысты нығайтып, олардың түзелу жолына түсуіне ықпал жасайды.   

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Сотталғандардың құқықтарын қорғау үшін түзеу мекемелерінде прокурор кабинеттері жұмыс атқаруда - 620603040
Сотталғандардың құқықтарын қорғау үшін түзеу мекемелерінде прокурор кабинеттері жұмыс атқаруда - 364324096
Сотталғандардың құқықтарын қорғау үшін түзеу мекемелерінде прокурор кабинеттері жұмыс атқаруда - 1221352982
Сотталғандардың құқықтарын қорғау үшін түзеу мекемелерінде прокурор кабинеттері жұмыс атқаруда - 46657633

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.