You are here

Шиелі аудандық прокуратурасы сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмысты анықтады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шиелі аудандық прокуратурасы Шиелі кенті әкімінің аппаратында жер қатынастары заңнамалары талаптарының сақталуына тексеру жүргізді. Нәтижесінде, бас маман Е.Отызбаевқа қатысты қылмыстық кодеестің 190-бабы 3-бөлімі 2-тармақшасымен алаяқтық дерегі бойынша сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталып, тіркелді.

Тергеу барысында, Е.Отызбаев басшылық тарапынан бақылау болмауын пайдалана отырып, жеке құрылыс үшін жер учаскелерін алуда көмек көрсетуді желеу етіп, жалған құқық беретін құжаттарды жасап, жәбірленушілерден жалпы 1 млн теңге қаржы алған.

Шиелі аудандық сотының үкімімен Е.Отызбаев сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп табылып, ҚР ҚК-нің 55-бабын, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл толуымен байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4-бабы 2-бөлімін пайдалана отырып, үш жылға бас бостандығынан шектеуге, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасына сотты болды. Осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Жер қатынастары талаптарының басқа да бұзушылықтары бойынша Шиелі кенті әкімі аппаратына заңдылықты бұзушылықтарды жойып, кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныс енгізді.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

  

    

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.