You are here

Прокурорлар 421 мүмкіндігі шектеулі адамға салық органдарымен миллион теңгеден астам негізсіз алынған төлемдерін қайтарды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қамтамасыз етумен қатар, салықтық міндеттемелерді төлеуде де түрлі қолдау көрсетіп, кепілдік береді. 

Азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуына талдау жасау барысында, салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдармен мүгедек жандардан көлік, жер, мүліктік салық, сонымен қатар, азаматтық сипаттағы актілерді тіркеу барысында мемлекеттік баж салықтарын алып келгенін көрсетті.

Байқоңыр қаласында 1173 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады, оның ішінде 552-і І-ІІ топтағы (45%), 250-і мүгедек балалар (22%).

Атап айтқанда, 2015 және 2016 жылдары әрбір үшіншісінен, нақтыласақ, 421-нен жалпы 1 274 511 теңге салықты заңсыз қабылдаған.

Осы тектес кемшіліктерге мүгедек жандарды салық міндеттемелерінен тікелей босататын салық кодексінің 365, 373, 403, 543, 546-баптарының бұзылуында жол берген.

Бұл мемлекеттік жеңілдіктер оларға өмір сүруде қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын көруге болады.

Осыған байланысты Байқоңыр қалалық прокуратурасы артық төленген қаржыларды қайтару талабын бақылауға алып, нәтижесінде 421 мүмкіндігі шектеулі адамның бұзылған құқығын тиісті деңгейде және кезексіз қалпына келтірді.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

    

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.