You are here

Прокуратураның ұсынысымен мектептің полиция инспекторы жұмыстан босатылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның «Балаларды бірге қорғаймыз» жобасын жүзеге асыру аясында Қызылорда облыстық прокуратурасымен жергілікті полиция қызметінде жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша қызметінің тиімділігі талданды.

Шиелі ауданына бару кезінде Шиелі кентіндегі №127 мектепке бекітілген мектептің полиция инспекторы бірнеше күн бойы мектепте болмағаны анықталып, ол туралы аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшылығы да хабарсыз болған.   

15.03.2017 жылы облыстық прокуратурамен Қызылорда облыстық ІІД жергілікті полиция қызметіне ұсыныс енгізілді. Ұсынысты қарау нәтижесімен мектептің полиция инспекторы «қызмет тәртібін өрескел бұзғаны үшін» жұмыстан босатылды.

Қазіргі таңда қарамағындағы қызметкерлеріне ведомстволық бақылау жүргізбегені үшін басшыларының мәселесі қаралуда.

Аталған шешім оқу орындарына бекітілген өзге де полиция инспекторларына сабақ болуы тиіс. Алдағы уақытта қызметтеріне бақылау күшейтіледі.

   

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.