You are here

Прокуратура және сот кәсіпкердің құқығын қорғады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облысының прокуроры Х.Дәуешовтің  қабылдауында болған жеке кәсіпкер Г.Сарыбаева монша кешенінде қосымша газ құрылғыларын қосқаны үшін «КазТрансГаз аймақ» АҚ Қызылорда облыстық филиалының 25 млн. теңгеден астам айыппұл салу әрекетіне шағымданды.

Прокуратура органы бизнес субъектілерінің тауар-ақша мәселелеріне қатысуға құқығы жоқ. Дегенмен, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау прокуратураның қадағалау қызметіндегі басымды бағыттарының бірі болып табылады. Х.Дәуешовтің тапсырмасымен прокуратура қызметкерлері Г.Сарыбаеваның дәйектерін мұқият зерделеп, сотта өз құқығын сауатты қорғауы үшін оған құқықтық көмек көрсетті.

Г.Сарыбаеваның талап арызы негізінде ауданаралық экономикалық соттың шешімімен «КазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалының газды қолданғаны үшін есептеу суммасы заңсыз деп танылды.

Кәсіпкерлер өңірдегі газбен жабдықтау мекемелерінң әрекеттеріне жиі шағымданады, жылыту маусымы кезеңінде монополия субъектілері даулы мәселені газ беруді тоқтатып, ымырасыз жолмен шешуге тырысады. Осылайша, іс жүзінде кәсіпкерлік қызметі тоқтайды.

Бір кәсіпкердің дәйектерімен шектелмеген облыстық прокуратура газ және газбен жабдықтау туралы заңнамаларға талдау жүргізіп, нәтижесінде бизнес нысандарының шағымдарына заңға қосымша актілердің жетілмегені себеп екенін анықтады.

Талдау нәтижесімен облыстық прокуратура заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бастамашылық етті.  

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

        

         

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.