You are here

Облыс прокуроры жеке қабылдау жүргізді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Облыс прокуроры жеке қабылдау жүргізді - 605917763

Жаңақорған аудандық прокуратурасында облыс прокуроры Х.Дәуешов азаматтарды қабылдады.

Жеке қабылдауға жеті азамат жазылып, олар субсидия беру, әлеуметтік көмек көрсету, қылмыстық істер бойынша процессуалдық шешімдер қабылдау мәселесіне қатысты сауалдарын қойды.

Азаматтардың дәйектерін тыңдаған облыс прокуроры аудан прокурорына айтылған мәселелерді тексеруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Тұрғындардың оң пікірлерін назарға алынып, облыстық прокуратураның басшылығымен жеке қабылдау жалғастырылатын болады.

Аудан ақсақалдары прокурорлардың азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда белсенділік танытып жүргеніне алғысын білдірді.  

Бүгінде тұрғындар және заңды тұлға өкілдері өздерінің өтініштерін халыққа қызмет көрсету орталығы, «Қазпошта» АҚ, облыс прокуроры блогы, Бас прокуратура сall-орталығы, «электронды үкімет» немесе «115.kz» порталы арқылы жолдап немесе прокуратура басшылығымен жүргізілетін жеке қабылдауға жазыла алады.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.