You are here

Облыс прокуроры ішкі істер органдары мекемелерінің қызметімен танысты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

07.02.2017 жылы облыс прокуроры Х.Дәуешов ішкі істер органдарының Қызылорда қаласында орналасқан кейбір мекемелерінің қызметімен танысты.

Атап айтқанда, облыс прокуроры облыстық ІІД-нің Жедел басқару орталығының, Қызылорда қалалық ІІБ-ның және Жергілікті полиция қызметінің жұмысымен танысты.

Олардың қызметімен және жеке құрамымен танысу барысында бүгінгі күні қызметте қалыптасып отырған мәселелер, солардың ішінде материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыздандыру жағдайы облыстық ІІД-і және Жергілікті полиция қызметі басшылығымен талқыланды.

Талқылау барысында Қызылорда қаласында және оған жақын аумақтарда орнатылған бейнебақылау камераларының санын көбейту мәселелері де сөз болды.

Осы мәселе ақпан айында өтетін облыстық прокуратураның кезекті алқа отырысының күн тәртібінде қаралады және де оның отырысына облыстық және Қызылорда қалалық әкімдіктердің өкілдері шақырылады.

Сонымен қатар, кездесу барысында облыстық ІІД-нің басшылығы облыс орталығының көшелерін, үй аулаларын және басқа да қоғамдық орындарын барынша қазіргі замандағы бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету бағытында прокуратурамен жаңа жоба жүзеге асырылып жатқандығы туралы хабардар етілді. 

Бұл жобаның жүзеге асырылуына мүдделі мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері және ішкі істер органдары қосылады. 

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.