You are here

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бала-бақша ашу ұсынылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облысымыз республика бойынша 13-і көрсеткішті көрсетіп отыр. Нақтыласақ, өңірімізде жыл сайын азаматтардың алғашқы мүгедектікке шығуы өсіп, 10 мың халыққа шаққанда 30,6-дан 32,0-ге дейін көбейген. Мысалы, 2013 жылы алғашқы мүгедектікке 1950 азамат шықса, 2016 жылы 2463-ті құраған.

Талдау нәтижесімен мүгедектерге әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету кезінде жүйелі проблемалар, оның ішінде оңалтудың жеке бағдарламасымен мүгедектердің толық қамтамасыз етілмеуі, белгіленген жұмыс квоталарының орындалмауы, ғимараттар мен құрылыс объектілерінің бейімделмеуі, салық жеңілдіктерін пайдаланбауы анықталды

Мәселенің өзектілігін және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылдың жеткіліксіздігін ескеріп Қызылорда облыстық прокуратурасы облыс әкімдігімен бірлесіп жасалған «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық» жобасын жүзеге асыруда.

Жобаның мақсаты ретінде аталған проблемалық мәселелерді мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп шешу көзделген.

Алға қойылған міндеттерді орындау мақсатында №278 орта мектебінің мәжіліс залында Жобаның аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы балабақша немесе топтар ашу жөнінде Қызылорда қаласы аумағындағы жеке балабақшалар құрылтайшыларымен кездесу өткізілді.

Облыстық прокуратураның басқарма бастығы Қ.Құлжанов Жобаның мақсатымен таныстырып, мүмкіндігі шектеулі балаларға мектепке дейінгі білім беру және оларды ортаға бейімдеу үшін арнайы балабақшалар немесе топтар ашудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесуде Қызылорда облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Бердаулетов 2013 жылмен салыстырғанда мүгедек балалардың саны облысымызда 30 пайызға өскенін атап өтсе, Басқарманың бөлім басшысы Ш.Жунисова өз баяндамасында қаладағы мүгедек балалардың 20 пайызы ғана мектепке дейінгі білім берумен қамтылғанын және тек бір бұзылыстағы балаларға 3 арнайы топтар мен 15 инклюзивтік топтар жұмыс жасайтынын айтып, өңіріміздегі бірқатар проблемаларға назар аударды.

Отырыс барысында осы салада жүрген кәсіпкерлерге балабақша ашу тәртібі, мемлекеттен берілетін көмек және тағы басқа ерекшеліктері түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.   

Талқылаудың қорытындысы бойынша жеке балабақша өкілдері өз ұсыныстары мен пікірлерін айтып, бұндай білім беру ұйымдарын ашуға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар, облыстық білім басқармасына балабақша ашуға ниет білдірген кәсіпкерлік субъектілерін айқындап, оларға құқықтық және басқа да көмек көрсету ұсынылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.   

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.