You are here

Қызылорданың прокурорлары кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудің жаңа әдістерін енгізді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Талдау жұмыстары кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудағы қолданылып жатқан профилактикалық шаралардың тиімсіз екенін көрсетті.

Оған статистикалық мәліметтер бойынша жылдан жылға осындай қылмыстардың өршуі дәлел.

Яғни, бұл бағытта «ескі» әдістерді қолданумен қылмыстылықты азайта алмаймытынымыз айқын болды.

Жете зерттеу нәтижесімен балалардың тәрбиесімен айналысатын тұлғалар, яғни, сынып жетекшілері, ата-аналар, ювеналды полиция, психологтар, мектеп әкімшілігі және т.б. арасында өзара байланыс орнататын механизм жоқтығын көрсетті.

Тек өзінің «жұмыс» аймағына жауапты екендігі туралы жалған ой қалыптасты, алайда мүдделі тұлғалардың бірлескен табандылық танытуымен ғана қылмыстылықты жоюға болады.

Прокуратура жүйесіндегі өзгерістерге ұқсас, мектептердің ішкі тәртібінің қағидаларындағы қажет емес нормалардың орнына тәрбие жұмысында жаңа тиімді тетіктерді енгізу мәселесі зерделенуде.

Осы орайда, қала прокуроры М.Досмағанбетовтың бастамасымен қала әкімінің орынбасары, білім бөлімі, жергілікті полиция қызметі және ішкі саясат бөлімі басшыларының, мектеп директорлары мен оқушылардың ата-аналарымен бейресми кездесулер өткізілді.

Кездесулерде «Қауіпсіз мектеп» тақырыбында іс-шараларды бекіту талқыланды.

Нәтижесімен қатысушылар кешенді іс-шараларды қамтитын мүдделі тұлғаларды және оқушыларды қатыстыру арқылы қаланың бір мектебінде пилоттық жобаны енгізуге шешім қабылданды.

Атап өту қажет, қалалық прокуратураның бастамасымен 48 жетім бала спорт кешендерінде дене шынықтырумен айналасуына және мектепті бітіріп жоғарғы оқу орындарына түспеген 5 баланың кәсіби даярлаудан өтуге мүмкіндік жасалды.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.