You are here

Қызылорданың прокуратурасы, соты және ІІБ-сы үш жақты меморандум жасасты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорданың прокуратурасы, соты және ІІБ-сы үш жақты меморандум жасасты - 255691676
Қызылорда қалалық прокуратурасы, №2 қалалық соты және қалалық ішкі істер басқармасымен қылмыстық процесті оңтайландыру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды.
 
Меморандум шеңберінде тараптар қылмыстық теріс қылықтарды 1 тәулік ішінде, ал жеңілдетілген іс жүргізу және процестік келісім тәртібінде аяқталған істерді 7 тәулік ішінде сотта қарап, аяқтау туралы келісімге келді.
 
Сонымен қатар, ішкі істер органдары сотталушыларды сотқа жеткізілуін қамтамасыз етіп, сот процесінің тағайындалған күні аяқталуына ықпал жасамақ.
 
Үш жақты жасасқан бұл меморандум нәтижесінде қылмыстық істер жылдам тергеліп, қысқа мерзімде сотта қаралуы қамтамасыз етілмек.
 
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі
 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.