You are here

Қызылордада «Таза ауа – денсаулық кепілі» акциясы басталды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облысының табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен Қызылорда қаласында атмосфераға зиянды заттарды тастатпау тұрғысында «Таза ауа - денсаулық кепілі» акциясы өткізілуде.

Аталған акцияның мақсаты – автокөлік құралдарынан шығатын зиянды шығарындыларды азайту.

«Қаладағы экологиялық ахуалдың жақсаруын қамтамасыз ету тек бір мекеменің жұмысымен ғана емес, барлық органдардың жұмыла жұмыс жасауынан оңды нәтиже беретіні сөзсіз», - деп мәлімдеді Қызылорда облысының табиғат қорғау прокуроры Әліби Зейнулла.

Бұл акция қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органдармен, денсаулық сақтау басқармасымен, жергілікті полиция қызметімен және Қызылорда «Қазгидромет» МҚК ШЖҚ филиалымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Экологтар мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бірлескен рейд ұйымдастырып, автокөліктерді газоанализаторлар мен түтін өлшегіш құралдардың көмегімен тексеруде.

Бірлескен рейдтердің жүргізілуі арқылы қазірдің өзінде 3 құқық бұзушыға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.

Акция аясында қала орталығына флюромобильдер орналастырылды. Қала тұрғындары онлардың көмегімен тегін флюрографиялық зерттеулерден өтуге мүмкіндік алуда.

Осы тектес бірлескен рейдтер ұдайы ұйымдастырылатын болады.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.