You are here

Қызылорда прокурорлары оқудан шығарылған балаларды білім орнына қайтарды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Облыстық прокуратура 297 мектеп жасындағы баланың Конституциямен кепілдік берілген тегін орта біліммен қамтамасыз етілмегенін анықтады.

Олар 9 сыныпты бітіргеннен кейін колледжге түсіп, бірақ, түрлі себептермен оқуларын аяқтай алмаған. Колледж басшылығы білім беру басқармасына оқудан шығарылғандар туралы хабар бермеген. Оқу ақысына қарыз болғандықтан олардың басым көпшілігіне қажетті орта білімді жалғастыру үшін құжаттарды беруге бас тартылған, - деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Мысалы, Б.Нұрлан 9 сыныпты бітіргеннен кейін 2015 жылы ақылы негізде Қызылорда аграрлық-техникалық колледжіне оқуға түседі. Бірінші курстан кейін оқу ақысын төлей алмағаны үшін оқуын үзеді. Құжаттары колледжде қалып, өзі бір жылдан астам уақыт үйде отырады.

Орта білімнің болмауы жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуы мен дамуына теріс әсер ететінін атап өтуіміз керек. Болашақта бұл түрлі мәселелердің себебіне айналуы, оның ішінде әскери борышын өтеуге, жұмысқа орналасуы мен қоғаммен байланысуына шектеу болуы мүмкін.

Прокуратураның талабымен облыстық білім беру Басқармасы  колледжден шығарылған барлық балалардың тұрғылықты орнын анықтап, олардың оқуды жалғастыруларына шаралар қолданды. Атап айтсақ, 80 бала кері қайтарылып, 132- бала жаңа оқу жылынан нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында қабылдану үшін құжаттарын рәсімдеуде. Сондай-ақ, өзге облыстардағы 13 балаға уәкілетті органдарға оларды орта біліммен қамтамасыз ету қажеттігі туралы хабарлама жолданды.

Бұзушылықтарға жол беріп, бақылау жасмаған лауазымды тұлғалар, соның ішінде колледж директоры тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Прокуратура талдауымен тек 2014 және 2016 жылдарды қамтылғандықтан, уәкілетті органдарға тегін орта білім алмаған өзге балалар бойынша шара қолдану ұсынылды.    

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

        

    

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.