You are here

Қызылорда облысының прокуроры Президенттік резервтегі қызметкерлерге лекция оқыды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облысының прокуроры Президенттік резервтегі қызметкерлерге лекция оқыды - 1334342635

Қызылорда облысының прокуроры Халидулла Дәуешов Ұлттық қорғаныс Университетінің қабырғасында құқық қорғау органдарының Академиясымен ұйымдастырылған 1-дәрежедегі Президенттік резервтің тындаушыларына «Жобалық менеджмент дегеніміз не?» тақырыбында  лекция оқыды.

Облыс прокуроры тындаушыларға жобалық басқару бойынша өзінің көзқарасын, оның тиімді тұстарын, Қызылорда облысы прокуратура органдарының жетістіктерін, жобалық менеджмент қағидаттарымен жүзеге асырылған және әзірленіп жатқан жобалардың нәтижелерін атап өтті.

Сондай-ақ,  облыс прокуроры тындаушыларға Ресей Федерациясы Белгород облысы Үкіметінің жобалық басқаруды енгізу тәжірибесін таныстырды.

Осы тұста айта өтетін жайт, Белгород облысы мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық менеджмент тәсілін енгізген уақыттан бастап, 7 жыл ішінде өзінің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін ұлғайтып, даму индексі жағынан Ресей Федерациясының аймақтары арасында алғашқы үштікке кіріп, көш бастап отыр.

«Прокуратура органдарының жұмысын жобалық менеджмент арқылы жүзеге асыру – біздің жұмысымызды жүйелі түрде жобалауға мүмкіндік беріп, уақыт, қаржылық, адами ресурстар түріндегі шығындарды оңтайландыруға өз септігін тигізуде», - деп қорытындылады облыс прокуроры Халидулла Дәуешов.

Лекция қорытындысымен облыс прокуроры тәжірибе алмасуға және бірқатар жобалардың нәтижесімен бөлісуге мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

 

Қызылорда облысының прокуроры Президенттік резервтегі қызметкерлерге лекция оқыды - 414224820
Қызылорда облысының прокуроры Президенттік резервтегі қызметкерлерге лекция оқыды - 808300656

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.