You are here

Қызылорда облысының прокуроры Х.Дәуешов үстіміздегі жылы тіркелген қасақана кісі өлімі эмоционалды жағдайды басқару негіздерін білмеу салдарынан орын алды деп санайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облысының прокуроры Х.Дәуешов өңірімізде жыл басынан бері қасақана кісі өлімінің 16 дерегі тіркелген (оның 15 ашылса, 1-уі бойынша қылмыскерді анықтау үшін жедел шаралар өткізілуде) деп хабарлайды.

Талдау барысында отбасылық қарым-қатынаста мәдениетінің төмендігі, тұрақты жұмыстың болмауы, әлеуметтік әл-ауқаттың нашарлығы, материалдық және психологиялық тәуелділік кісі өлімі мен оған жол беретін негізгі себеп екенін көрсетті.

Өткен мерзімде облыс орталығында орын алған 5 кісі өлімі отбасылық-тұрмыстық жағдайда, әрбір екінші кісі өлімі спирттік өнімдерді бірігіп ішу барысында орын алған.

Мысалы, 30.03.2017 жылы азамат Б. үйіне ішімдік ішкен күйінде келіп, анасы екеуі арасында ұрыстың нәтижесінде, соңғыға ас үй пышағымен бірнеше рет соққы келтіріп, нәтижесінде қайтыс болады.

Сонымен бірге, Х.Дәуешов барлық салада кешенді іс-әрекеттер, оның ішінде атыс қаруларының айналымы саласы және елді мекендерде алкогольдік өнімдердің сатылуын реттеу қасақана кісі өлімінің алдын алу болып табылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, мерзімінде қылмысты ашу және кінәлі адамға заңмен белгіленген шараны қолдануды қамтамасыз етуде «жазасыз қалмау» принципі маңызды.

Кісі өлімінің барлық түрінің алдын алу, анықтау, ашу және тергеудің мәселелері профилактикалық сипаттағы шараларды әзірлей отырып, облыстық құқық қорғау органдарының алқа және Үйлестіру кеңесінде қаралады.

Бұл ретте кісі өлтірудің алдын алу бойынша жұмыстар тек прокуратура және ішкі істер органдарының қызметімен шектеліп қана қоймай, оларға барлық мемлекеттік органдар, сондай-ақ, тұрғындардың өздері де ықпал ету қажет.    

Осы тұрғыда азаматтар орын алған жанжалды құқықтық сипатта бағалап, оның заңды түрде шешілуін қарастыру керек.

Кісі өлімінің жасалуының себептері мен жағдайларына жүргізілген талдау азаматтардың осындай жағдайда өздерінің эмоциялық жағдайын басқара алмайтындығын және ашуды тежеу факторы болмайтындығын көрсетті.

Сондықтан, облыс прокуроры Х.Дәуешов ҚР Білім Министрлігіне «Адамның эмоционалды жағдайын басқару негіздері» тақырыбында білім беру бағдарламасы пәнін енгізуді ұсынады.

   

          Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.