You are here

Қызылорда облысының прокуроры Х.Дәуешов сотталғандардың тұрғылықты жерінде жазаларын өтеуі туыстарымен әлеуметтік байланысты нығайтатынын білдірді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облысының прокуроры Х.Дәуешов сотталғандардың тұрғылықты жерінде жазаларын өтеуі  туыстарымен әлеуметтік байланысты нығайтатынын білдірді - 462331266

Қызылорда облысы аумағында орналасқан барлық түзеу мекемелерінде прокурор кабинеттері жүйелі түрде  жұмыс жасап, сотталғандардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау шаралары жүргізілуде.

Жүргізілген қабылдаулар барысында түскен өтініштердің негізгі бөлігі жазасын тұрғылықты мекен-жайы бойынша өтеуге ықпал жасауды құраған.

ҚР қылмыстық атқару кодексінің 88-бабының талабына  сәйкес, егер сотталғанның мекен-жайы бойынша белгіленген жазаға сәйкес тиісті режимдік түзеу мекемесі болмаған жағдайда жазасын басқа облыста өтеуге жібереді.

Өз кезегінде жаза өтеу мекемесі тұрғылықты жерінен шалғай жерде орналасқан жағдайда сотталғандардың туыстарымен кездесуде қиындықтар тудырады.

Ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандардың  туыстарымен, отбасы мүшелерімен  жүзбе-жүз кездесу оң нәтижесін беріп, оның түзелу жолына түсуіне  септігін тигізеді.

Дегенмен, ЗК-169/5 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеп   жүрген 565 сотталғанның 152-нің тұрғылықты мекен жайлары бойынша қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемелері болуына сәйкес, айдауылдауға жататыны нақтыланды.

Облыс прокурорының жеке қабылдауында болған жаза  өтеушінің арасындағы 130 сотталған мекен-жайы бойынша жазасын өтетуге  өтініштерін  білдірді.

Орын алған өзекті мәселені шешу мақсатында облыс прокурорының төрағалығымен  аталған түзеу мекемесінде көшпелі жедел мәжіліс өткізіліп, нақты тапсырмалар берілді.

Облыстық прокуратурамен қолданылған шаралардың нәтижесінде мекемеде жазасын өтеп жүрген сотталғандардың мекен-жайы бойынша 50-і Алматы облысына, 48-і Оңтүстік-Қазақстан облысына, 5-і өзге облыстарға (барлығы 103) тұрғылықты жері бойынша жазаларын өтеуге айдауылданды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғастырылуда.

 

Қызылорда  облыстық  прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 
Қызылорда облысының прокуроры Х.Дәуешов сотталғандардың тұрғылықты жерінде жазаларын өтеуі  туыстарымен әлеуметтік байланысты нығайтатынын білдірді - 2090079043
Қызылорда облысының прокуроры Х.Дәуешов сотталғандардың тұрғылықты жерінде жазаларын өтеуі  туыстарымен әлеуметтік байланысты нығайтатынын білдірді - 1469293353
Қызылорда облысының прокуроры Х.Дәуешов сотталғандардың тұрғылықты жерінде жазаларын өтеуі  туыстарымен әлеуметтік байланысты нығайтатынын білдірді - 924511486
Қызылорда облысының прокуроры Х.Дәуешов сотталғандардың тұрғылықты жерінде жазаларын өтеуі  туыстарымен әлеуметтік байланысты нығайтатынын білдірді - 641999636
Қызылорда облысының прокуроры Х.Дәуешов сотталғандардың тұрғылықты жерінде жазаларын өтеуі  туыстарымен әлеуметтік байланысты нығайтатынын білдірді - 714316547
Қызылорда облысының прокуроры Х.Дәуешов сотталғандардың тұрғылықты жерінде жазаларын өтеуі  туыстарымен әлеуметтік байланысты нығайтатынын білдірді - 757198174

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.