You are here

Қызылорда облысының прокуратурасы бос прокурорлық лауазымға конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облысының прокуратурасы, 120001, Қызылорда қаласы, Нұрмақов көшесі, №1 үй, анықтама үшін телефон (7242) 274375, факс (7242) 270172, электрондық мекенжай 7242380@prokuror.kz, бос прокурорлық лауазымға КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

 

Бос орындар:

- Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры – C-RGP-5 (бір бірлік);

- Жаңақорған аудандық прокуратурасының прокуроры – C-RGP-5 (бір бірлік);

- Шиелі аудандық прокуратурасының прокуроры - C-RGP-5 (бір бірлік).

Функционалдық міндеттері:

Жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарының сақталуын қадағалауды, заңдылықтың сақталуын заңда белгіленген шекте және нысандарда қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және заңда белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Еңбекақысы 76 274 теңгеден жоғары.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- функционалды бағыттарға сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;

- құқық қорғау органдарына қызмет атқару үшін қажетті болған денсаулығының жарамдылығы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде Қызылорда қаласы, Нұрмақов көшесі, №1 үй мекенжайда қабылданады, кадрлық дамыту бөлімі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) өтініш (нысанға сәйкес);

2) сауалнама (нысанға сәйкес);

3) кадр есебі жөніндегі (нысанға сәйкес);

4) қолмен толтырылған және басылып жазылған толық өмірбаяны (нысанға сәйкес);

5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын  құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің

көшірмесі;

9) 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;

10) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

11) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке

тартылмағаны туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.

Құжаттар мұқабада тізбесі көрсетіліп, тігіліп тапсырылуы тиіс.   

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.