You are here

Қызылорда облысының прокуратурасы 84 кәсіпкерді заңсыз тексергені үшін мемлекеттік аудиторды әкімшілік жауапқа тартты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облысының прокуратурасы 84 кәсіпкерді заңсыз тексергені үшін мемлекеттік аудиторды әкімшілік жауапқа тартты - 974287820

Облыс прокуроры Халидулла Дәуешовпен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлерді жеке қабылдау жүргізу кезінде екі жеке балабақшалардың иелері оларды шақыртып, түрлі құжаттарды сұратып жүрген Қызылорда облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік аудиторының әрекетіне құқықтық баға беруді сұраған.

Талдау мемлекеттік аудитордың кәсіпкерлерді тексеру тәртібін бұзғанын көсетті. Қылмыстық қудалау органымен қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында берілген қаулысын басшылыққа алып, тексеру тағайындау актісін шығармастан және оны құқықтық статистика саласындағы уәкілетті органда тіркемей 84 жеке мектепке дейінгі ұйымдарды тексерген. Бақылау нәтижелері туралы актілерді тек жекелеген кәсіпкерлерге ғана ұсынған.

Облыстық прокуратурамен мемлекеттік аудиторға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабының 1-бөлігінің 2), 12) тармақтарымен әкімшілік іс қозғалды. Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен мемлекеттік аудиторға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Сот актісі заңды күшіне енді.

Өткен жылдан бастап енгізілген, бизнес субъектілерін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында жеке қабылдау тәжірибесі, кәсіпкерлердің проблемаларын жедел шешуге, сондай-ақ әкімшілік рәсімнен тыс құқықтық көмек көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өту қажет.

Белгіленген кесте бойынша кәсіпкерлер палатасында қабылдауды жүргізеді: айына бір рет – облыс прокуроры, айына екі рет – облыс прокурорының орынбасары, апта сайын – облыстық прокуратураның басқарма бастығы.

Осындай «прокурор кабинеттері» кәсіпкерлер палатасының аудандық бөліністерінде де бар, ол жерде қабылдауды аудан прокурорларының жеке өздері жүргізеді.

 

Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.