Қызылорда облысының Құқық қорғау қызметтері орталығы үш айда 550-ден астам адамды қабылдады | Қызылорда облысының прокуратурасы

You are here

Қызылорда облысының Құқық қорғау қызметтері орталығы үш айда 550-ден астам адамды қабылдады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облысының Құқық қорғау қызметтері орталығы үш айда 550-ден астам адамды қабылдады  - 18516490

30.11.2017 жылы Қызылорда облысының Құқық қорғау қызметтері орталығында құқық қорғау және мемлекеттік органдарының бірінші басшылары кезекті жеке қабылдауды өткізді. Бір сағат ішінде Орталықта 70-тен астам адамдар қабылданды.

Олардың ішінде 14 адам тікелей облыс прокурорына жүгінді.

Барлық жүгінгендер тиісті заң түсіндірмелерін алды, ал кейбір арыздар облыс прокуроры мен тиісті мемлекеттік органдар басшыларының жеке бақылауына алынды.

Бұл жеке қабылдау тәжірибесі азаматтардың мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік беретінін, сондай-ақ ұзақ мерзімді алатын әкімшілік рәсімдерсіз, оларға құқықтық көмекті уақытылы көрсететінін атап өту керек.

Орталықта тіркелген кестеге сай (әр айдың соңғы бейсенбі күні сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін) құқық қорғау және мемлекеттік органдар басшылары жеке қабылдау жасайды.

Жалпы үш айдың ішінде Орталыққа 553 адам барған, олардың 43-і арыздар берген.

Прокурорлар 162 азаматтарды жеке қабылдаған. Қабылдау қорытындысымен 139 азаматқа ауызша заң түсіндірмесін беріп, құқықтық көмек көрсетсе, 23 жазбаша арыздар қабылдады.

«Облыс тұрғындарының Орталық туралы оң пікірлерін ескеріп, Бірінші Президент күні қарсаңында біз осындай орталықтарды екі ауданда (Жаңақорған және Қазалы) аштық. Енді тұрғындар уақыт пен қаржы ресурстарын үнемдеп, тікелей оларға жүгіне алады», - деді облыс прокуроры Халидулла Дәуешов.

Мұндай сұарынысқа ие, өнімді және мақсатты жұмыс жалғастырылатын болады.

Қызылорда облысының баспасөз қызметі

Қызылорда облысының Құқық қорғау қызметтері орталығы үш айда 550-ден астам адамды қабылдады  - 1479839468
Қызылорда облысының Құқық қорғау қызметтері орталығы үш айда 550-ден астам адамды қабылдады  - 971067287
Қызылорда облысының Құқық қорғау қызметтері орталығы үш айда 550-ден астам адамды қабылдады  - 572335307

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.