You are here

Қызылорда облысындағы түзеу мекемелерінде прокурор кабинеттері жұмыс атқаруда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс аймағында бүгінгі күні 3 түзеу мекемесі қызмет атқаруда.

Атап айтқанда, Қызылорда қаласында қауіпсіздігі жоғары ЗК-169/5, тергеу изоляторы болып саналатын ЗК-169/1 және Шиелі ауданы, Тартоғай ауылында ЗК-169/4 мекемесі (қоныс-колониясы) орналасқан.

Бүгінгі күні осы мекемелерде барлығы 823 адам тағайындалған жазаларын өтеп жатса, 141 адам тергеу барысында қамауға алынғандар.

«Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің жиырма  бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңымен 140 сотталғанға  (126-ын түзеу мекемелерінен босату, 14-нің жаза өтеу мерзімін қысқарту)қолданылған.

Бұл көрсеткіш аталған заңның талаптары қолданылуы мүмкін жаза өтеушілердің арасында 92 пайызды құрап отыр.

Жаза өтеушілердің  құқықтарын қорғап, күнделікті қабылдау жүргізіп, олардың өтініштерін тыңдап, мұқтаждықтарын анықтау үшін барлық мекемелерде прокурор кабинеттері тұрақты түрде қызмет атқаруда.

Сонымен қатар, жаза өтеушілердің және қамауға алынғандардың заңдармен белгіленген кепілді құқықтарының сақталуы, халықаралық стандарттардың орындалуын қамтамасыз ету прокуратура органдарының басты міндеттерінің бірі.

Осы тұрғыда үстіміздегі жылдың қаңтар айында облыстық прокуратурамен Қызылорда қаласында орналасқан ЗК-169/5 және Шиелі ауданында қызмет атқарып жатқан ЗК-169/4 мекемелерінде жаза өтеушілердің құқықтарының сақталуына кешенді тексеру жүргізілді.

Бұл тексеруге тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың мамандары қатыстырылды.

Мәселен, тексерумен түзеу мекемелерінің медициналық-санитарлық талаптардың сақталуы қамтылды.

Соның нәтижесінде ас мәзірін жасау кезінде әр контингент үшін белгіленген тәртіппен бекітілген тамақтану нормалары, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өнімдер жиыны, тамақтану режимі, тағамдар мөлшерінің салмағы сақталмайтыны, асханаларында орналастырылған желдеткіштердің  толық іске қосылмағаны анықталды.

Орын алған осы және де басқа да заң бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша прокуратурамен ІІМ-нің Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі және Қызылорда облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын  қорғау департаменттеріне тиісті қадағалау актілері енгізілді.

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.