You are here

Қызылорда облысында пара алғаны үшін бас дәрігер сотталды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазалы аудандық сотының үкімімен пара алғаны және мемлекеттің мүлкін жымқырғаны үшін аудандық орталық аурухананың бас дәрігері жеке мүлкісі тәркіленіп, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырылып, 5 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталған.

Сотталушы емдеу мекемелерінің біріне жүргізушіні жұмысқа қабылдау үшін 500 мың теңге пара алған, қылмысын сотта толық мойындаған.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Себебі, аудан прокуроры сотталушыға жеңіл жаза тағайындалуына байланысты наразылық келтірді, ол қаралу сатысында.

Жалпы 2016 жылы пара алғаны үшін 16 лауазымды тұлғалар сотталған, оның ішінде 1-уі әйел адам – Р.Қуаңбаева (облыстық  ревизиялық комиссиясының бас маманы) 700 мың теңге пара алғаны үшін сотталса, қалған сотталғандар ер адамдар, оның ішінде 5-і түзеу мекемелерінде  жазаларын өтесе, 10-на  жалпы көлемі 81 млн. теңге мөлшерінде айыппұлдар тағайындалған, ал бір сотталушыға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.