You are here

Қызылорда облысында мектеп мұғалімдерін мәжбүрлеп ақылы медициналық қараудан өткізудің жолы кесілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облыстық прокуртаурасымен денсаулық сақтау туралы заңнамалардың қолдануылуына жүргізілген талдау нәтижесінде мұғалімдердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 24.02.2015 жылғы №128 бұйрығымен бекітілген «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларында» қаралмаған түрлерінен ақылы медициналық  дәрігерлік тексеруден өтетіні анықталды.

Қызылорда облысының прокуроры Х.З.Дәуешов, ереженің талаптарына сәйкес, мектеп, колледж, жоғарғы оқу орындары, мектептен тыс мекемелердің қызметкерлері әрбір оқу жылының басында терапевт дәрігерінің қарауынан және флюорографиялық зерттеуден ғана өтуі тиіс. Қосымша ақылы қарап тексеру оқытушылардың уақытын алумен қатар, айтарлықтай  қаржылық салмақ келтіретіндігін атап өтті.

Тек 2016 жылы емханалар өздерінің бюджетін толтыру үшін 4 мың мұғалімді офтальмолог, отоларинголог, хирург, гинеколог және тағы басқа дәрігерлерден қосымша өтуді міндеттеген, олардың төлем құны 3,5 млн. теңгеден астам құрайды.

«Прокурорлық шаралармен емханалар оқытушылардан негізсіз алған ақшаны қайтаруда. Қазіргі таңда 2 мың мұғалімге 2 млн. теңге қайтарылды», - деп хабарлайды облыс прокуроры.

 

Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.