You are here

Қызылорда облысында «Кедергісіз келешек» атты сайт ашылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облысында «Кедергісіз келешек» атты сайт ашылды - 1693736714

Ағымдағы жылдың басынан бастап, Қызылорда облыстық прокуратурасы мен облыстық әкімдік бірлесіп, «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық» атты жобаны жүзеге асыруда. Бүгінгі күні, көптеген мүгедектердің өз құқықтарын білмеуі – қуантарлық жағдай емес. Мәселен, олар өздері босатылған салық пен бажды жаппай төлеуде, өздеріне кепілді берілген әлеуметтік көмекті толық көлемде алмауда. Мүгедектер квоталар бойынша жұмыс орнымен қамтамасыз етілмейді. Мүгедек балалар қоғамнан оқшауланып, үйде отыруда. Олардың ата-аналары тіпті балалардың балабақшаға бара алатыны және баруға тиіс екендіктерін білмеуде.   

Бұл тектес бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданды. Прокуратурамен қолданылған шаралармен 6 мың мүгедектердің құқықтары қорғалды. Бірақ, бұл шаралар қысқа мерзімді нәтиже беретіні сөзсіз. Себебі, әрбір мүгедек өзіне мемлекет атынан берілген құқықтар мен кепілдіктер бойынша хабардар болу керек.

Аталған мән-жайларды ескере келе, жоба аясында прокуратураның бастамасымен Қызылорда облысының әкімдігі осы айда еліміздегі ең бірінші «Кедергісіз келешек» атты мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған әлеуметтік сайтты ашты.

Кomek.orda.gov.kz атты жаңа сайттың көмегімен азаматтар мүгедектерге арналған қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндік алады. Бұл мүгедектерге арналған мемлекеттік бағдарламалар, жұмыс квоталары, оңалту шаралары, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік көмектер туралы қажетті мәліметтер. Сайт қолданушыларына арнайы сұрақ қою мүмкіндігі де қарастырылған. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы аталған сайттың модераторы болып белгіленіп, туындаған ұсыныс пікірлердің негізінде оның құрылымы мен мазмұнын жетілдіру бағытында үнемі жұмыс жасайтын болады.

Сайтқа презентация облыс прокуроры Х.З.Дәуешовтың мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу барысында жасалды.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Ким, уәкілетті органдар басшылары және мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері қатысып, онда жобаның жүзеге асырылу барысы талқыланды, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ұсыныс пікірлері мен өзекті мәселелер тыңдалды. Инватакси санын көбейту, жүріп-тұруы қиын 1, 2 топ мүгедектері емханаларда жоғарғы қабатқа көтерілуге және кезектілікті күтуге мүмкіндік болмауына байланысты оларды қабылдайтын арнайы кабинеттерді ашу, би үйірмесіне қатысатын мүгедектердің арнайы кресло-арбалардың болмауы және тағы басқа мәселелер көтерілді.

Іс-шараның қорытындысымен облыс прокуроры және облыс әкімінің орынбасары уәкілетті органдарға проблемалық мәселелерді жою жөнінде тапсырма берді. Оның орындалу барысы прокуратура және облыс әкімдігімен бақылауға алынды.

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.