You are here

Қызылорда облысында қаржылық пирамида қызметіне тергеу басталды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Елімізде тіркелмеген «Questra Holdings Inc.» компаниясы өңірімізде жұмысын жүргізуде.    

Компанияның өкілдері тұрғындарға инвестор портфеліне қаржы салуды ұсынып, адамдарды тартып, болашақта айтарлықтай табыс алуға уәде етеді.

Қазақстан Республикасының аумағында қаржылық пирамидаға жарнама жасауға және оның қызметіне тыйым салынған. Тыйым салуды бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Себебі, компанияның сипаты мен әдісінде қаржылық пирамиданың барлық белгілері болғандықтан, прокуратураның нұсқауымен облыстық ІІД-і Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 217-бабымен (қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету) сотқа дейінгі тексеру жүргізіліп, сонымен қатар, жарнамалық жұмыстарымен айналысқан тұлғаларды әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 150-бабымен (қаржы пирамидасының қызметін жарнамалау) әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесі қаралуда.  

Қаржы пирамидасы – кірістері жаңа инвесторларды тарту арқылы ақшалай қаражат түсу есебінен жүргізілетін инвестициялық алаяқтықтың жүйесі. Әлеуетті инвесторларға жоғары кірістерге қол жеткізеді деген уәде беріп, ақша салуларына түрткі болады. Алғашында инвесторларға салым бойыншща пайыздық сыйақы төленеді. Одан кейін, тұрақты түрде жаңа инвесторларды тарту мүмкіндігін жоқтығы себебінен пирамиданың табысы азаяды. Осындай жағдайдан кейін қаржылық пирамида құлдырап, нәтижесінде инфесторлар салған қаржыларын жоғалтады.

Облыстық прокуратура тұрғындардан сақ болып, күдікті келісімдерге өз ақшаларды салмауға, сондай-ақ, компанияның қызметін жарнамалаудан бас тартуға шақырады.   

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.