You are here

Қызылорда облысында ақыл-есі дұрыс емес тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облысында ақыл-есі дұрыс емес тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған - 1233213156

Облыстық прокуратурамен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасымен бірлесіп «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық» жобасы аясында ақыл-есі дұрыс емес тұлғалардың әкімшілік жауапкершілікке тарту деректері анықталды.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылы туралы кодексінің 29-бабына сәйкес ақыл-есi дұрыс емес тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 26-бабына сәйкес жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн азаматтар сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылады.

Осыған қарамастан ішкі істер және төтенше жағдайлар органдарымен сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған 17 адамға 36 әкімшілік жаза қолданған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заңсыз қаулылардың күштері жойылып, ішкі істер органдарының жеке құрамы арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, әрекетке қабілетсіз тұлғалармен төленген 260 000 теңгеге жуық әкімшілік айыппұлдарды, олардың қамқоршыларына қайтаруға тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Бұған дейін, облыстық прокуратурамен 2016 жылы мемлекеттік органдармен мүгедектерден салық және баждардың заңсыз түрде өндірудің 3 мыңға жуық деректері анықталды, яғни мүгедектер өз құқықтарын білмеу салдарынан 6 млн. теңгеден астам қаржы мемлекеттік қазынаға төлеген. Бүгінгі күні облыстың салық органдарымен заңсыз ұсталған қаржылар қайтарылды және басқа да міндетті салықтық түрлеріне жатқызылды.

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.