You are here

Қызылорда облысында 55 алаяқ әйел болса, оның 11 түрмеде отыр

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алаяқтар өздерінің қылмыстық әрекеттерінде қарапайым тұрғындардың сенімділігі мен құқықтық сауатының төмендігін пайдаланады.

Қызылордада жұмыссыздар, оларға көмектесемін деген туыстары, несиеге мұқтаждар мен тұрғын үйлері жоқ адамдар алаяқтардың құрбаны болуда.   

Жәбірленушілер алаяқтармен сенімділік қарым-қатынаста болып, өз құжаттарын құзырлы органдарда рәсімдеуді ұзаққа созылатын және қиын процесс деп санап, аталған жұмыстармен айналысуға рұқсатын береді.  

Жәбірленушілердің құқық қорғау органдарына мерзімінде хабарласпауы, тек уақыт өтіп кеткеннен кейін, яғни, алданып қалғанын білген соң шағымдануы, оладың қылмыстық әрекеттерін жоюға кедергі келтіреді.

Ал, осы уақытта қылмыс жасаған адам қолды болған ақшаларды жұмсап, тұрғылықты жерін өзгертіп немесе жасырынып үлгереді.

Қызылорда өңірінде алаяқтықпен күрес мәселесі өзекті, бұл қылмыс көбіне әйелдермен жасалуда.

Талдау көрсеткендей, 2016 жылы алаяқтығы үшін 87 адам сотты болса, оның 70% немесе 55 әйелдерді құраған. Оның ішінде 16-ы бас бостандығынан айырылуға сотты болса, оның 11-і әйелдер.

Мысалы, 2015 жылдың мамыр айында Г.Әбилханова алаяқтыққа жол бергені үшін шартты мерзімге сотты болса, үстіміздегі жылдың қаңтар айында осы қылмыс үшін 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Жақында оған ірі көлемде алаяқтықтың басқа да фактілері бойынша айып тағылып, сотпен қамауға алынды.  

Сотты болғандардың жас шамасы: 23 қылмыскер әлі 30 жасқа толып үлгермеген, 35 адам 40 жасқа жақындаса, қалғандары 40-тан асқан.Сотты болғандардың 90%-ы жұмыссыздар.

Тұрғындар несие, жер учаскелерін, мемлекеттік қордан пәтерлер алу мен жұмысқа орналастыруда делдақтық қызмет көрсетемін деген уәде берушілерден сақ болуы өте маңызды. 

Алаяқтықты және қатерді анықтауда жүйелі іс-шаралардың, қылмыстық ізге түсу органдарында алаяқтықтың алдын алуға қатысты «қауырт желінің» болмауы орын алған жағдайдың өзекті мәселесіне айналуда.

Прокурорлық ықпал ету шараларымен өңірімізде осы қылмыс түрін 37% төмендетуге қол жеткізілді.

Бұл бірқатар іс-шаралардың, оның ішінде облыстық прокуратураның ресми сайтында алаяқтығы үшін сотты болғандардың тізімі орналастырылып, жаңартылып тұрады, сонымен қатар, қыркүйек айында осы тектес тізімдер сәйкес органдар мен құрылымдарға (ХҚКО, банктер, несие ұйымдары, нотариалдық кеңселер, әділет, ішкі істер органдарына және т.б.) жолданды, түсіндірме сипатындағы материалдар тұрғындар көп жиналатын орындарда (базарлар, сауда орындары, темір жол және автовокзалдар, қоғамдық көліктерде) ілініп,  телеарналардан тақырыптық роликтер көрсетілуі негізінде іске асырылды.

 

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.