You are here

Қызылорда облысы прокурорының орынбасары міндетін уақытша атқарушы тағайындалды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҚР Бас Прокурорының 5 қазан 2017 жылғы бұйрығымен Қызылорда облысы прокурорының орынбасары міндетін уақытша атқарушы болып Алибаев Талғат Айтбайұлы тағайындалды.

Бұл қызметке дейін Т.А.Алибаев Астана қаласы Есіл ауданының прокуроры қызметін атқарған.

Т.А.Алибаев 1977 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Әр уақыттарда Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Қызылорда қалалық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің аға көмекшісі, Целин көлік прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің көмекшісі, Орталық аумақтық көлік прокурорының кадр жұмысы бойынша аға көмекшісі, Бас прокуратураның әлеуметтік саладағы заңдылықты қадағалау Департаментінің бөлім бастығы, Ақтау қаласының прокуроры, Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуроры қызметтерін атқарған. 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.