You are here

Қызылорда облыстық прокуратурасының тарихы туралы кітап жарық көрді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облыстық прокуратурасының тарихы туралы кітап жарық көрді - 1600951763
25 шілде 2017 жылы Қызылорда облыстық прокуратурасында «Өмірдің әміршісі – әділ билік» атты кітаптың тұсаукесері өтті.
Аталған кітапта прокуратура органдарының құрылуы, Қызылорда облысы прокуратурасының тарихы, осы салада қызмет еткен тұлғалар мен құнды естеліктер топтастырылды.   
Сегіз тараудан тұратын тарихи-танымдық жинақ ҚазақКСР-нің тұңғыш прокуроры С.Есқараев атындағы мұражай қызметінен басталып, «Сыр прокурорлары», «Сыр генералдары», «Майдангерлер мәңгі есте», «Әділет жолындағы әріптестер» сынды тараулармен толтырылған. 
Кітаптың салтанатты тұсаукесеріне қала, аудан, табиғат қорғау прокурорлары, прокуратура ардагерлері, облыстық аппараттың жеке құрамы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының басшылық құрамы қатысты. Қалалық және аудандық прокуратураның қызметкерлері бұл жиынға бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуға мүмкіндік алды.
 «Кітапта жинақталған көптеген тарихи мәліметтер, қызықты ақпараттар оқырмандарға тек қана тарихты жетік меңгерудегі жолды ғана емес, сонымен бірге қазіргі жаңа форматтағы прокуратура органдарының тынысы жайлы мәліметтермен танысуға жол ашады»,- деп атап өтті облыс прокуроры Х.Дәуешов.
Аталған жиынға қатысқан ардагерлер Жаниұлы Қосжан мен Фатима Хамзақызы Қиязова да өз ойларын әрі лебіздерін білдірді. 
Ардагерлер бұл кітапты мәңгі есте сақтауға негіз болатын құрал екендігін атап, облыстық прокуратураның басшылығына өз ризашылықтарын білдірді.
Облыс прокуроры өз сөзің қорытындылай келе, жиынға қатысқан барлық ардагерлерге кітаптарды ескерткіш ретінде табыс етті. 
 
 
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі
 
Қызылорда облыстық прокуратурасының тарихы туралы кітап жарық көрді - 1523889039
Қызылорда облыстық прокуратурасының тарихы туралы кітап жарық көрді - 1581211670
Қызылорда облыстық прокуратурасының тарихы туралы кітап жарық көрді - 1552248016
Қызылорда облыстық прокуратурасының тарихы туралы кітап жарық көрді - 990464240
Қызылорда облыстық прокуратурасының тарихы туралы кітап жарық көрді - 1499355263

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.