You are here

Қызылорда облыстық прокуратурасының наразылығы негізінде сотталушының әрекеті адамды қасақана өлтіруге оқталу қылмысына қайта сараланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 6 қантар 2017 жылғы үкімімен Е.Жумабековтың  қылмыстық әрекеті аса ауыр қылмыстан (адамды қасақана өлтіруге оқталу) ауырлығы жеңілірек қылмысқа  (денсаулыққа қасақана ауыр дене жарақатын салу) заңсыз қайта сараланып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып,  жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге сотталған.

Облыстық прокуратура сот үкімімен келіспей, сотталушының әрекетін қайта саралауды және қатаңырақ жаза тағайындау туралы наразылық келтірген.

Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі  апелляциялық сот алқасының 1 наурыз 2017 жылғы қаулысымен сот үкімі өзгертіліп, Е.Жумабековтың қылмыстық әрекеті адамды қасақана өлтіруге оқталу санатымен қайта сараланып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып,  жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге шешті.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.