You are here

Қызылорда облыстық прокуратурасының қылмыспен күрес жөніндегі жобалары өз нәтижесін беруде

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Әзірленген Жобалар негізінде үстіміздегі жылдың екі айында қолданылған шаралармен қылмыс санын төмендетуге қол жеткізілді.

Мысалы, алаяқтық қылмыс 24,9% азайды. Бұл бірқатар іс-шаралардың, оның ішінде облыстық прокуратураның ресми сайтында алаяқтығы үшін сотты болғандардың тізімі орналастырылып, жаңартылып тұрады, сонымен қатар, тұрғындар көп жиналатын орындарда (ХҚКО, банктер, несие ұйымдары және т.б.) ақпараттық билбордтар ілініп, телеарналардан тақырыптық роликтер көрсетілуі негізінде іске асырылды.

Сондай-ақ, мал ұрлығы 32,3% төмендетілді. Бұл облысымыздың 142 елді-мекенінде шаруашылық жануарларына арналған бақылаудағы мал жаю орындарын ұйымдастыру, ауылдық жерлерде мерзім сайын халықпен кездесу жүргізіп, «Сақшы» және «Сарбаз» қоғамдық жасағының белсенді жұмыстарының нәтижесінде қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, ұялы телефон ұрлығы 33,9% дейін азайды. Бұл «Ұялы телефон ұрлықтарына тоқтау», білім беру орындарында «смартфонды» пайдалануға тыйым салу, ескертулер жазылған парақшаларды тарату, ІІБ жедел қызметін ұрлық болған орынға бағыттау барысында қол жеткізіліп, ҚР ІІМ аумақтық бөлімдері мен ұялы байланыс операторларының өзара қарым-қатынас туралы Меморандумы аясында жәбірленушінің келісімімен ұялы байланыс операторлары 80 ұялы телефонды бұғаттады.

Осылайша, жоғарыда аталған шаралар қылмыстың болуының алдын алуға аса назар аудара отырып, қылмыстылықтың тұрақтылығын сақтап қалуға мүмкіндік берді. 

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.