You are here

Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен соттарда тиімді өкілдік ету диалог алаңы ашылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облыстық прокуратурасымен «Мемлекеттік ұйымдардың заң бөлімшелері қызметтерінің тиімділігін арттыру мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді

Отырыстың басым бағыты ретінде мемлекеттік сатып алу барысында туындайтын даулар бойынша тәжірибелік кеңестер беру белгіленді. Себебі, жергілікті экономикалық сотпен қаралатын істердің басым көпшілігін құқықтық қатынастардың осы саласында туындаған даулар құрайды.

Азаматтық істерді қарау кезінде мемлекеттік органдардың көптеген олқылықтары анықталады. Олар: міндеттемелерін тиісті дәрежеде орындамаған тұлғаларды мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арыздарын кешіктіріп беру, олардан тұрақсыздық айыбын ұстап қалмай шарт сомасын толық аударып жіберу, заңнамалармен көзделген құқықтарын толық көлемде қолдана білмеу және т.б.

Мысалы, Арал аудандық білім бөлімі мемлекеттік сатып алу туралы шартында тұрақсыздық айыбын ұстап қалу құқығы бекітілгеніне қарамастан, міндеттемесін 64 күнге кешіктіріп орындаған жеке кәсіпкер «Ш.И» шарттың сомасын (12,3 млн. теңге) толық аударып, бір ай өтпестен экономикалық сотқа 788 мың теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызбен жүгінген. Бұл тектес проблемалар жиі кездеседі.

Осыған байланысты, маңызды проблемалар талқыға салынып, тәжірибе алмасу жүргізіліп, алдағы уақытта мақсаттар белгіленді.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік сатып алу процесінде туындаған даулар бойынша заң қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі прокурордың 10 кеңесі» атты ықшамдалған брошюрасы жұмыста қолдану үшін дайындалып мемлекеттік органдарға таратылды.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен соттарда тиімді өкілдік ету диалог алаңы ашылды - 314306571
Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен соттарда тиімді өкілдік ету диалог алаңы ашылды - 472891494
Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен соттарда тиімді өкілдік ету диалог алаңы ашылды - 458423091

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.