You are here

Қызылорда облыстық прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облыстық прокуратурасында азаматтарды  қабылдау орталығы ашылды. - 912796716
 
Бүгін, Қызылорда облыстық прокуратурасының аумағында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды. Орталықтың салтанатты ашылуына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, облыс прокуроры Халидулла Дәуешов,  облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облысы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, прокуратура органдарының ардагерлері мен құқық қорғау және мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қатысты.
Орталық бұған дейін облыстық прокуратураның аумағында қолданыста болған бақылау-өткізу пунктінің орнына орналысты. Енді, әрбір Қызылорда облысының тұрғыны осы орталықтан құқықтық көмек алуға мүмкіндік алады.
Облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтың айтуынша, азаматтарды қабылдау және құқық қорғау қызметтерін көрсету орталықтарының құрылуы ҚР Бас Прокурорының тапсырмасы бойынша әзірленген.    
Аталған жобаның басты мақсаты – прокуратура органдары жұмысының ашықтығы, жеделдік және сервистік қызмет көрсету.
Ашылған орталықта кезекші прокурорлар азаматтарды қабылдап, оларға ең өзекті қадағалау бағыттары бойынша (сотқа дейінгі тергеп-тексеру, атқарушылық іс жүргізу, қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізу) кеңес беруді жүзеге асыратын болады. Кезекшілікті азаматтардың сұрақтарын жедел шеше алатын прокуратура органдарының ең тәжірибелі қызметкерлері жүзеге асырады.
Осы орталықтың көмегімен жаңа форматтағы халыққа арналған прокуратураның  ашықтық пен қолжетімділік деңгейі артатыны сөзсіз. Себебі, орталықта орналасқан барлық шыны кабинеттер аудио және бейне құралдармен жабдықталған.
«Жаңа форматтағы прокуратура органдарының басты мақсаты – ашық прокуратураны қалыптастыру. Азаматтарды қабылдау орталығы сол бағыттағы жұмыстардың кілт-факторларының бірі болып табылады. Орталықта кезекші прокурорлар тұрғындарға тек құқықтық кеңес беріп қоймай, сонымен қатар оларға өтініштер әзірлеуге де көмек көрсететін болады. Азаматтар өздерінің бұған дейін жазған өтініштерінің қаралу барысымен танысып, оларға жауап қайтарылған жағдайда, оның көшірмесін де алуға мүмкіндік алады», - деп тұжырымдады облыс прокуроры Халидулла Дәуешов.
Тараптардың жайлылығы үшін орталық арнайы күту орындары мен электрондық кезекпен жабдықталған.
Аталған орталық келушілер үшін жұмыс күндері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс: сағ. 13:00-14:30) ашық. Орталықтың мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Нұрмақов көшесі №2, Қызылорда облыстық прокуратурасының ғимараты.
 
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі
Қызылорда облыстық прокуратурасында азаматтарды  қабылдау орталығы ашылды. - 2049926250
Қызылорда облыстық прокуратурасында азаматтарды  қабылдау орталығы ашылды. - 363224017
Қызылорда облыстық прокуратурасында азаматтарды  қабылдау орталығы ашылды. - 6712461
Қызылорда облыстық прокуратурасында азаматтарды  қабылдау орталығы ашылды. - 1632032158
Қызылорда облыстық прокуратурасында азаматтарды  қабылдау орталығы ашылды. - 669949286
Қызылорда облыстық прокуратурасында азаматтарды  қабылдау орталығы ашылды. - 1447133171
Қызылорда облыстық прокуратурасында азаматтарды  қабылдау орталығы ашылды. - 120471695
Қызылорда облыстық прокуратурасында азаматтарды  қабылдау орталығы ашылды. - 913510759
Қызылорда облыстық прокуратурасында азаматтарды  қабылдау орталығы ашылды. - 1344882979
Қызылорда облыстық прокуратурасында азаматтарды  қабылдау орталығы ашылды. - 1982928424
Қызылорда облыстық прокуратурасында азаматтарды  қабылдау орталығы ашылды. - 1237656390

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.