You are here

Қызылорда облыстық прокуратурасымен «Есірткісіз - болашақ» жобасы жүзеге асырылуда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облыстық прокуратурасы облыстық әкімдік және ІІД-мен бірлесіп жыл басынан «Есірткісіз - болашақ» атты жобаны жүзеге асыруда. Жоба аясында өңірімізде құқық қорғау, мемлекеттік органдардың және қоғамдастықтардың, ҚР ІІМ «Дельта-Сырдария» арнайы құрылым қызметкерлерінен жұмыс тобы құрылып, олар тікұшақ және арнайы техникамен жабдықталды.

Жобаны жүзеге асыру іс-шаралары облыс әкімі және облыс прокурормен бекітілген.

Есірткі алқабын анықтау мақсатында жүйелі түрде облыс аумағын бағдарлап, оны өткізу мен тұтыну орындарын анықтау мақсатында шаралар қолдануда.

Жобаны жүзеге асырғаннан бастап аймағымызда жалпы көлемі 9,2 га құрайтын 72 есірткі алқабы анықталып, заңсыз айналымнан 18 тоннадан астам есірткі заттары алынса, 14 тасымалдаушы қамауға алынып, 7-не іздеу жариялануда.

Мысалы, үстіміздегі жылдың 13 қыркүйегінде облыстық прокуратураның белгісіз тұлғалардың марихуана өсімдігін заңсыз өсіру ақпараты негізінде арнайы құрылым Шаған ауылдық округін бағдарлау жүргізді.

Ақпарат расталды. Тұрғылықты мекеннен 10 км жерде тоғайдың арасында көлемі 116 шаршы метр жерде 715 бұта қарасора өсімдігі анықталды.

Аталған дерек бойынша ішкі істер органымен қылмыстық кодекстің 300-бабы 2-тармағымен (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл қылмыс үшін үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Кінәлі тұлғаларды анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Бүгінгі күні жерді өз мақсатына қолдануға бақылау жасамаған меншік иелерінің, сонымен қатар, сеніп тапсырылған аумағында есірткі алқабының алдын алу және жолын кесуде мерзімінде шаралар қолданбағаны үшін құқық қорғау және басқа да уәкілетті органдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін шешу мәселесі қаралуда.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылады және облыс прокурорының назарында.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

             

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.