You are here

Қызылорда облыстық прокуратурасымен 6 мыңнан астам мүгедектердің құқықтары қорғалды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облыстық прокуратурасымен 6 мыңнан астам мүгедектердің құқықтары қорғалды - 819944931

Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында арнайы жоба әзірленген.

Жыл басынан бастап, аталған жобаның аясында Сыр өңірінің 6 мыңнан астам тұрғындары көмек алса, бала бақшаларда 130 мектеп жасына толмаған балаларға 15 инклюзивті топтар ашылды.

Жоба аясында облыс прокуроры Халидулла Дәуешов, облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким және басқа да уәкілетті органдардың басшылары «Мүгедектерге арналған оңалту орталығында» мүгедектермен кездесу өткізді.

Облыс прокуроры Халидулла Дәуешов жоба бойынша атқарылған оңды нәтижелерге тоқталып, қатысушыларға осы мүмкіндікті пайдаланып, мемлекеттік органдар басшыларына сұрақтар қоюға, өзекті мәселелерді көтеруге және оларды талқылауға шақырды.

Кездесу ашық диалог форматында өткізіліп, жоба аясында мүгедектерге арнайы әзірленген «Веб-сайтқа» презентация көрсетілді.

 Облыстық прокуратураның басқарма бастығының орынбасары Нұркен Тұрғанбайдың айтуынша, бұл жобаның әзірленуіне мүмкіндігі шектеулі азаматтардың прокуратура органдарына түскен шағымдарының жиілігі себеп болған. Осы жобаның аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар тікелей бірінші басшыларға өз өтініштерін айтуға мүмкіндік алды. Бұл жоба – мүгедектер мен басшылар арасындағы байланыс көпірі болғаны сөзсіз.

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.