Қызылорда облыстық прокуратурасы Прокуратура органдарының құралған күні мерекесіне орай салтанатты жиын өткізді | Қызылорда облысының прокуратурасы

You are here

Қызылорда облыстық прокуратурасы Прокуратура органдарының құралған күні мерекесіне орай салтанатты жиын өткізді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облыстық прокуратурасы Прокуратура органдарының құралған күні мерекесіне орай салтанатты жиын өткізді - 1717061797

Бүгін, Қызылорда облыстық прокуратурасында Прокуратура күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.

Өзінің бастама сөзінде облыс прокуроры Халидулла Дауешов барлық қызметкерлерді және прокуратура ардагерлерін мерекемен құттықтап, тәуелсіздік жылдардан бастап прокуратура еліміздің құқық қорғау жүйесінің ұйытқысы екенін және адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуы бағытындағы маңызды құқықтық құрал екендігін атап өтті.

Мерекеге орай, мінсіз қызмет үшін және өзінің міндеттерін үлгілі қызмет атқарған облыс прокурорының аға көмекшісі А.Кемаловқа «аға әділет кеңесшісі» кезекті сыныптық шені берілді.

Бас Прокурордың бұйрығымен облыстық прокуратураның басқарма бастығы Е.Қожанов «Прокуратураның құрметті қызметкері» кеуде белгісімен және басқарма бастығы Қ. Құлжанов ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медалімен марапатталды.  

Облыстық прокуратураның аппарат басшысы Б.Сариев және Жаңақорған ауданының прокуроры Н.Дүйсенбаев I дәрежелі «Прокуратура үздігі» кеуде белгісімен марапатталды.

Басқарма бастығының орынбасары А.Әлі және басқарма аға прокуроры Р.Бекбаулов осы белгінің II дәрежесімен марапатталды.

Байқоңыр қаласының прокуроры А. Баянбайұлы «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Бас Прокурордың құрмет грамотасымен облыстық прокуратураның 2 қызметкері және 8 ардагері марапатталды.

Облыстық прокуратура органдарының барлық қызметкерлеріне мерекеге орай қаржылай сыйлық берілді.

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Қызылорда облыстық прокуратурасы Прокуратура органдарының құралған күні мерекесіне орай салтанатты жиын өткізді - 545523795
Қызылорда облыстық прокуратурасы Прокуратура органдарының құралған күні мерекесіне орай салтанатты жиын өткізді - 399284905
Қызылорда облыстық прокуратурасы Прокуратура органдарының құралған күні мерекесіне орай салтанатты жиын өткізді - 815444471
Қызылорда облыстық прокуратурасы Прокуратура органдарының құралған күні мерекесіне орай салтанатты жиын өткізді - 1818770305
Қызылорда облыстық прокуратурасы Прокуратура органдарының құралған күні мерекесіне орай салтанатты жиын өткізді - 1875739692

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.