You are here

Қызылорда облыстық құқық қорғау қызметі орталығында тренинг өткізілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облыстық құқық қорғау қызметі орталығында тренинг өткізілді - 1419278631

Қызылорда облыстық құқық қорғау қызметі орталығында білікті психологтар «Дағдарыс жағдайларындағы байланыс психологиясы» тақырыбында тренинг өткізді.

Орталықта жұмыс жасайтын құқық қорғау органдарының өкілдері, адвокаттар мен медиаторлар қалыпсыз, дау-жанжал туындаған жағдайлар кезінде қызмет көрсету дағдыларымен танысып, келеңсіз оқиғаларды алдын алу мақсатында ситуациялық тапсырмаларды орындады.

Орталық 10 жұмыс күні ішінде барлығы 56 азаматтарды қабылдады. Прокурорлар барлығы 19 азаматтарды қабылдап, олардың 14-не түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, 5 азаматтан жазбаша өтініштерді қабылдады.

Адвокаттар мен медиаторлар 13 азаматқа тегін заң көмегін көрсетті.

Қызылорда қаласы прокуратурасының бастамасымен құқық қорғау қызметі орталығының жұмысы жайлы бейнеролик түсірілді. Ол жергілікті телеарналар арқылы көрсетілетін болады.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда облыстық құқық қорғау қызметі орталығында тренинг өткізілді - 220183533

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.