You are here

Қызылорда қаласының прокуратурасымен «Балаңа қарызсың ба? Алиментті төле!» акциясы өткізілуде

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда қаласының прокуратурасымен «Алимент. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасы аясында жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесіп, «Балаңа қарызсың ба? Алиментті төле!», «Ты в долгу перед ребенком? Заплати алименты!» акциясы өткізілуде.

Аталған акцияның мақсаты - алимент өндіру санатындағы атқарушылық өндірістердің орындалуы тиімділігін арттыру.

Жаңа оқу жылының басталу кезеңін ескере келе, қалалық прокуратураның бастамасымен ішкі істер органдары, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар бірлесіп, қала аумағында автошеру ұйымдастырды.

Шеру барысында қала тұрғындарына арнайы әзірленген брошюралар таратылып, қоғамдық автокөліктерге плакаттар ілінді. Халық көп шоғырланған орындарға билбордтар орналастыру үшін тапсырыстар берілді.

Сондай-ақ, әділет департаменті мен қалалық жұмыспен қамту орталығын үйлестіре отырып, 25.09.2017 жылы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде қала аумағында кең көлемде жұмыссыз жүрген борышкерлерді жұмысқа орналастыру жөнінде жәрмеңке өткізілетін болады.

Акция аясында қалалық прокуратураның бастамасымен бейнероликтер жасақталды. Олар жергілікті телеарналар бойынша жарияланатын болады.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.