You are here

Қызылорда қаласының прокуратурасымен «Азаматтардың мүддесіне қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасының жүзеге асырылуда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура ішкі істер Министрлігімен бірлесіп Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының базасына «Азаматтардың мүддесіне қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.

Жобаның басты мақсаты – қылмыстық процесті жеделдету, азаматтардың қорғалуын дамыту және олардың заңды құқықтарын қысқа мерзімде қалпына келтіру.

Ол үшін Қызылорда қалалық прокуратурасының 2 тәжірибелі қызметкері ҚІІБ-ның ғимаратында 1-2 сағат ішінде өндірістен аяқталған қылмыстық істерді зерттеу арқылы заңдылығын тексеріп, сотқа жолдайды.

Бүгінгі күні Жоба аясында теріс қылықтар туралы қылмыстық істер 2 тәулік, ал жеңіл, орташа ауырлықтағы және ауыр санаттағы қылмыстық істер 10 тәулік ішінде сотқа жолдануда.

Оның алдында, яғни  Жоба енгізілгенге дейін бұл санаттағы қылмыстық істер 2 ай, кейбір істер одан да көп мерзім ішінде тергеліп келген еді.  

Көрілген шаралардың нәтижесінде соңғы 3 айдың ішінде жалпы сотқа жолданған 99 қылмыстық істің 92-і, немесе 92,2 % осы Жобаның арқасында жолданған.

Олардың ішінде 10-ы теріс қылық болса, 62-і жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысанында, 20-ы бойынша процестік келісім болған.

Жобаны жүзеге асыру барысында тергеу сапасы жақсарып, күдіктілер мен жәбірленушілер өздерінің қиыншылықтарын сол жерде тікелей прокурорларға жеткізіп, сол жерде шешетін болды.

Сонымен қатар, Жоба аясында полиция қызметкерлердің тарапынан құқыққа қайшы келетін әрекеттерге жол бермеу мақсатында Қызылорда ҚІІБ-ның ғимаратында бейнебақылау камералармен жабдықталған жауап алуға арналған шынымен қабырғалы кабинеттер ашылды. 

Жоғарыда аталған іс-шаралардың барлығы азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету және оларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттерді болдырмаудың кепілі болып табылады.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.