You are here

Қазалы ауданының прокуроры Б.Мырзабаевтың жаңа форматтағы жұмысы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қазалы ауданының прокуроры Б.Мырзабаевтың жаңа форматтағы жұмысы  - 1691621206

Қызметіне жақында тағайындалған Қазалы ауданының прокуроры Бақытжан Мырзабаев ашық, әділ және тиімді прокуратура жүйесін құру  мақсатында  бірқатар  жұмыстар  атқаруда.

Әлеуметтік желілерде Қазалы аудандық прокуратурасының  арнайы парақшалары  ашылып, онда прокуратураның жұмысы мен алдағы жоспаралары  кеңінен насихатталып, халықтың оң бағасына ие болуда.

Аудан прокурорының бастамасымен жергілікті «Серік ТВ» телеарнасынан  «Прокурор  уақыты» бағдарламасы ашылып, аудан тұрғындарына Прокуратура туралы жаңа заң нормалары түсіндіріліп, көрермендердің түрлі сауалдарына  жауап берді. Аудан прокуроры осы бағдарлама арқылы айына екі рет халықпен тікелей эфирде жүздесуде.

Ауданға қарасты  қала, кент, ауылдық округтер мен елді мекендерде «Халыққа арналған  прокуратура» атты ашық есік күні акциясы  өткізілді.

Акцияның негізгі мақсаты: прокуратура органдарына халықтың сенімін арттыру, тұрғындар арасында құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Акцияға  құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті орган, кәсіпкерлік палатасы сынды елді-мекен тұрғындарына қажетті мамандар қатысты.

Жиында аудан прокурорымен жаңадан қабылданған заң талаптарын кеңінен насихатталып, аудандағы қылмыстылық жағдай талқыланып, мал, пәтер ұрлығын және аляқтық қылмыстарын болдырмауға бағытталған шараларға тоқталып, халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелері мен туындаған сұрақтарына жауаптар беріліп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Акция барысында аудан прокурорында 25 азамат жеке қабылдауда болып, заң талабы түсіндірілді.

Аудандық прокуратураның бастамасымен жергілікті атқарушы және уәкілетті, құқық қорғау органдар басшыларын қатыстыра отырып арнайы жұмысшы тобы құрылды.

Жұмысшы топтың басты мақсаты: азаматтарға  құқықтық көмек көрсету, олардың әрбір мәселелері  бойынша тиісті бағыт - бағдар  беру. Ұзақ мерзімнен шешімін таппай жүрген аудан тұрғындарының даулы мәселелерінің  дереу және сапалы шешілуіне  заң тұрғысынан  ықпал  жасау.  Жұмысшы топтың отырысы әр аптаның сәрсенбі күніне белгіленді. Қабылдауда қаралған әрбір мәселе аудан прокурорының бақылауында болады.

Сонымен қатар, Б.Мырзабаев аудандағы емдеу мекемелеріне барып, медициналық қызметтің сапасымен танысып, емделушілермен кездесіп сұхбаттасты.  

Алдағы уақытта, аудандық прокуратурамен «жаңа форматтағы прокуратура» жүйесін құруға арналған ауқымды шаралар әзірленіп,  өз кезегімен  жүзеге асыру жоспарлануда.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Қазалы ауданының прокуроры Б.Мырзабаевтың жаңа форматтағы жұмысы  - 1264686121
Қазалы ауданының прокуроры Б.Мырзабаевтың жаңа форматтағы жұмысы  - 404289976
Қазалы ауданының прокуроры Б.Мырзабаевтың жаңа форматтағы жұмысы  - 3025197
Қазалы ауданының прокуроры Б.Мырзабаевтың жаңа форматтағы жұмысы  - 340231218
Қазалы ауданының прокуроры Б.Мырзабаевтың жаңа форматтағы жұмысы  - 1781815339

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.