You are here

Х. Дәуешов Тұңғыш Президент Күні қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Х. Дәуешов Тұңғыш Президент Күні қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесті - 15087181

Қызылорда облыстық прокуратурасы облыстық әкімдікпен бірлесіп үстіміздегі жылдан бастап «Мүгедек азаматтардың құқығын қорғаймыз» жобасын жүзеге асыруда.

Жобаны іске асырғанға дейін бірқатар мүмкіндігі шектеулі балалар үйде тәрбиленіп, ата-аналары олардың бала-бақшаға баруға болатынын, тіпті бару қажет екенін білмейтін еді.

Ал, бүгінгі таңда жоба аясында Сыр өңірінің 6 мыңнан астам тұрғыны тиісті көмек алса, бала-бақшаларда 130 мектепке дейінгі балаларға арнаған 15 инклюзивті топ ашылды.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қызылорда облысының прокуроры Халидулла Дәуешов 120 мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиленіп жатқан  бала-бақшаның біріне барып, тыныс-тіршілігімен танысты. 

Сондай-ақ, облыс прокуроры инклюзивті білім беру мүмкіндіктерімен, мүмкіндігі шектеулі балаларды емдік атқа салт мініп жүру сауықтыру әдісімен және күнделікті тәрбиешілердің жұмысымен танысып өтті. «Мүмкіндігі шектеулі балалардың проблемасы олардың жүру, есту, көру не сөйлеу қабілеттерінің шектеулі болуында ғана емес, сонымен қатар олардың өз балалық шағынан айырылып, өз қатарластарыммен қарым-қатынасының аз болуында. Бұл тектес бүлдіршендерге тек қана ата-ананың қамқорлығы ғана емес, сондай-ақ қоғамның ілтипаты қажет. Тек осы жағдайларда олар өздерін еркін сезініп, қоғамға шынында қажет екендерін сезінеді», - деп өз сөзін қорытындылады балабақша меңгерушісі Жапырақ Ұзақбаева.

Кездесу қорытындысымен облыс прокуроры балабақша әкімшілігіне өз алғысын білдіріп, бүлдіршіндерге құнды сыйлықты (музыкалық орталық) табыс етті.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Х. Дәуешов Тұңғыш Президент Күні қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесті - 371583132
Х. Дәуешов Тұңғыш Президент Күні қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесті - 1008668220

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.